Маңғыстауда жыл басынан бері өрттер кезінде 100-ден аса адам құтқарылған
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 04:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жыл басынан бері өрттер кезінде 100-ден аса адам құтқарылған

23 Апреля 2017 (15:34) | 1278 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД-де өткен 2017 жылдың І тоқсаны бойынша салада атқарылған жұмыстар қорытындысын жасауға арналған жиында белгілі болды.

Шара Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаевтың басшылығымен өтті. Сонымен қатар басқосуда 2017 жылдың ІІ тоқсанына арналған тапсырмалар нақтыланды. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар саласының жедел-қызметінің биылғы жылдың І тоқсанындағы атқарған қызметінің қорытындысы және 2017 жылдың ІІ тоқсанына арналған тапсырмалары бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Хамидуллаұлы Мұханбетов баяндады.

Манарбек Хамидуллаұлының мәлімдеуінше, «2017 жылдың І тоқсанында аймақта 68 төтенше жағдай тіркелген, оның ішінде зардап шеккендер - 8 адам, қаза болғандар саны - 3 адам. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өрттерде адамдардың қаза болуы 57 %-ға азайған, ТЖ жарақат алғандардың саны 57%-ға төмендеген. Өрттерде құтқарылғандардың және көшірілгендердің саны - 102 адам (2016ж -74)».

Одан әрі Департаменттің бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшылары төтенше жағдайдың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс саласында, өрт қауіпсіздігі қызметі бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Жиын барысында ҚР ІІМ ТЖК жоспарларындағы осы жылдың өрт қауіпсіздігін сақтау, азаматтық қорғаныс және ТЖ алдын алу шаралары уақтылы және сапалы орындалуы туралы сөз қозғалып, ҚР ІІМ ТЖК шешімдері және Департаменттің жұмыс жоспарының кейбір мәселелері бойынша тиісті сұрақтар талқыланды.

-Шараның қорытындысымен ТЖ Департаментінің қала-аудандық және бағынысты бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар қызметтік тәртіптің сақталуы бойынша мәселелер қаралды.

Жиынды қорытындылаған Департамент бастығы ТЖД жұмысын жақсарту мақсатында кейбір іс-шараларды Департамент жоспарына енгізуді және облыстық әкімдікпен, жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерімен өзара байланысты нығайтуды ұсынды.

Барлық қабылданған шешімдер жедел жиналыс хаттамасы жобасының негізіне енгізілді,-деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему