Үлескерлермен байланысты дау бітімгершілік келісімімен аяқталды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 01:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үлескерлермен байланысты дау бітімгершілік келісімімен аяқталды

18 Апреля 2017 (21:28) | 2501 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Альфа-Тур Актау» ЖШС жауапкер «Ақтау қаласының медициналық колледжі» мекемесіне ортақ үлесте пайдалануға берілген жер учаскесіндегі өз үлесін анықтау туралы талап арызбен жүгінген. Сот отырысына дайындық барысында жеке тұлғалар дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар ретінде сотқа талап арыз беріп, онда жауапкерлер «Альфа-Тур Актау» ЖШС және «Ақтау қаласының медициналық колледжі» мекемесі ортақ үлесте пайдалануға берілген жер учаскесін бөлу және міндеттемені орындауды міндеттеу бойынша жүгінген.

Талап арыздың негіздемесінде тараптар арасында колледждің жер учаскесінде жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу үшін қарапайым серіктестік құру туралы келісімшарт жасалғандығы көрсетілген. Келісім шарттар бойынша, серіктестік жер пайдалану құқығы колледжге тиесілі даулы жер учаскесін колледжге беру үшін әкімшілік-шаруашылық ғимараттарды және тұрғын үйлер салуға міндеттелген. Осы жобаны жүзеге асыру үшін серіктестік жеке тұлғалармен оларға жоспарланған тұрғын үйлерден пәтер беру үшін келісім-шарттарға отырған, сөйтіп, құрылыс нысандары бойынша қаржыландыру қарастырылған.

Соңғы 2 жыл ішінде орын алған сот даулары нәтижесінде қарапайым серіктестік туралы келісімшарт бұзылғандықтан, нысан құрылысын жүргізген серіктестік қала құрылысы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік-шаруашылық ғимарат бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталмағандықтан, жер пайдаланушы мен бас мердігер арасында келіспеушіліктер орын алды. Нәтижесінде, пәтер иелері дайын үйлеріне уақытылы кіре алмаған. Себебі, үйлер пайдалануға қабылданбаған және коммуникациялары тартылмаған.

Істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, оның шарттары бойынша жер пайдаланушы тұрғын үйлерді пайдалануға беріп, пәтерлерді үлескерлерге беру үшін қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін бас мердігер «Альфа-Тур Актау» ЖШС-не салынған үйлер астындағы жер учаскесін беруге келісті. Өз кезегінде, «Альфа-Тур Актау» ЖШС «Ақтау қаласының медициналық колледжі» мекемесінің алдындағы әкімшілік-шаруашылық ғимаратының аяқталмаған құрылысы бойынша міндеттемелерін орындау үшін пәтерлердің бір бөлігін соңғыға беруге міндеттелді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему