Жобалар таныстырылымын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 20:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жобалар таныстырылымын ұйымдастырды

18 Апреля 2017 (16:47) | 2110 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі («МОАА» ЗТБ) Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асыратын 3 жобасымен таныстыру мақсатында баспасөз конференциясын өткізді.

Аталмыш шараға жиылған БАҚ өкілдеріне «МОАА» ЗТБ президенті Жібек Ахметова биылғы жылғы ҮЕҰ жүзеге асыратын жобалардың мақсаттары, орындалу механизмдері туралы айтып таныстырды. «МОАА» ЗТБ осы жылы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Облыстық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды дамыту», «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру» және «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар жүргізу» атты үш жобаны жүзеге асыратыны белгілі болды.

Еліміздің азаматтық секторының қарқынды даму көрсеткіштері өзгерістерінің бірі ретінде 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің кейбір түрін үкіметтік емес ұйымдар көрсете бастады, 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауы бірыңғай мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізіледі. Сонымен қатар, ҮЕҰ қаржыландыру көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан басқа, мемлекеттік және шетел донорларының гранттары бар, алайда, іс жүзінде үкіметтік емес ұйымдар ондай гранттарға қатысу бойынша толық ақпараттанбағаны байқалып жатады. Сонымен, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін көтеру және болып жатқан өзерістердің тиімді жүзеге асырылу мақсатында, ҮЕҰ-на білікті кеңес қажеттілігі туындайды. Аталған міндеттерді шешу үшін «Облыстық ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес секторды дамыту» жобасын жүзеге асыру көзделуде.

«МОАА» ЗТБ президенті Жібек Ахметованың мәлімдеуінше, «Бұл жобаның мақсаты - ресурстық орталықтар, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті тұрғындармен ынтымақтастықты нығайту арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық бастамаларды дамытуға ықпал ету. Аталған жоба аясында оқыту шараларын және пікірталас алаңын ұйымдастыру арқылы ҮЕҰ өкілдерін, ауыл әкімдік қызметкерлерінің және жергілікті қауым мүшелерінің әлеуетін көтеру, бұрынғы жылдардағы жобалардан биылғы жылғы жобалардың бір өзгешелігі - ҚР өзге аймақтарындағы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасындағы оң тәжірибелерімен танысу мақсатында Қостанай облысына он ҮЕҰ өкілдерін апарып, тәжірибе алмасуды көздеп отырмыз.

2017 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингісі және өңірдегі өзге үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы өзекті әлеуметтік-маңызды жобалардың тізбесін дайындау жұмыстары жоспарланған».

-Елімізде 2000 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі көтерілгені белгілі. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы да қабылданды. Алайда ол заңның талаптарын жүзеге асыруда кейбір қиыншылықтар туындап отыр. Бұл заң бойынша қызмет етуге жергілікті атқарушы билік-әкімдіктер мүдделі болғанымен қатар, ҮЕҰ да осы заң аясында жұмыс жасауға тиіс. Себебі 2018 жылдан бастап, тұрғындарының саны 2000-нан асатын ауыл әкімшіліктерінің өздерінің бюджеті болады. Сол бюджетті қалыптастыру, игеру, үйлестіру тетіктерін ауыл әкімдері жергілікті қауымдастықтың қатысуымен шешеді делінген.

Осы Заңды жүзеге асыру бағытында биылғы жылы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар жүргізу» жобасын қолға алғалы отырмыз.  

Жобаның мақсаты-жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері мен қағидаттарының жүзеге асырылуына және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің шешім қабылдау процессіне қатысуын белсендіре түсуге ықпал ету.

Жоба аясында оқыту шаралары арқылы ҮЕҰ өкілдерінің, ауыл әкімдік қызметкерлерінің және жергілікті қауымдастық мүшелерінің әлеуетін көтеру, азаматтардың қоғамдық мониторингке қатысуын кеңейтуге бағытталған тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, облыстың барлық ауылдарын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру принциптерін және механизмдерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқан өткізу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі таңда облыстық және аудандық, ауылдық қоғамдық кеңестер құрылды. Олардың әрқайсының 15-25 тен мүшесі бар. Ол қоғамдық кеңестердің құрамындағы әртүрлі саланың мамандары жергілікті жерде маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Сонымен қатар, биылғы жылы біз екі мемлекеттік органның жұмысына мониторинг жасап, оған жергілікті қауымдастық мүшелерін де қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Себебі біздің қоғамда барлық мәселені әкім шешуі қажет деген пікір қалыптасқан. Халық қоғам өміріне белсене араласу арқылы тиімді шешімдердің қабылдануына әсер ете алатынын біле бермейді. Сондықтан біз халықты қоғам өміріне белсенді араласу ісіне үйреткіміз келеді. Осы бағытта әр категорияға арналған бес түрлі тренинг өткізуді жоспарлап қойдық, - деп мәлімдеді «МОАА» ЗТБ президенті Жібек Ахметова.

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолға алғалы отырған келесі бір жобасы - «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру» жобасы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның төзімсіздігін қалыптастыруға бағытталған.

-Жемқорлыққа қарсы күреспен тек мемлекет қана емес, азаматтық қоғам да айналысуы қажет, себебі, азаматтық қоғамды тарту жемқорлықпен күресудің тиімді тетіктері болып табылады, - деп атап өтті «МОАА» ЗТБ президенті Жібек Ахметова.

Аталған жоба аясында тұрғындармен сарапшыларға сауалнама жүргізу арқылы, жемқорлықпен күресу бойынша өзекті мәселелер зерттеліп, оларды шешу үшін қажетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар әзірленетіні белгілі болды. Сонымен қатар, облыс бойынша ҚР 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны түсіндіру, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б. арқылы мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы шараларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, адамдардың көп жиналатын жерлерінде қоғамдық қабылдауды ұйымдастыру және жемқорлыққа қарсы арнайы мобильдік топ жұмысын жалғастыру бойынша жұмыстар жүргізілетіні жайлы ақпарат берілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему