ҰОС ардагері Бақтылай Оразалиева 97 жаста
17 Апреля 2017 (16:56) | 2502 | Автор: Мира Ботабекова
Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Құрық ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Бақтылай Оразалиеваның үйіне барды. Бақтылай апай 1932 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Ол 1940 жылы қысқамерзімді медбикелер даярлайтын курсын бітірген соң, еңбек жолын темір жол станциясында бастаған. Ол соғыс жылдары Түркменстанның Красноводск қаласындағы соғыс госпиталында медбике болып жұмыс істеген, сол жерде болашақ жұбайымен танысады. Соғыс аяқталғаннан кейін медбике болып,содан соң коммуналдық мекемелерде жұмыс жасайды. Ол өзінің 97 жасын 35 немересі мен 41 шөбересінің арасында өткізіп отыр.
- Сіздің ерлігіңіз бен батырлығыңыз үшін, еліміздің Тәуелсіздігіне қосқан үлесіңіз үшін үлкен рахмет айтамын. Сіздің өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа өнеге, - деді Ералы Тоғжанов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему