Қала аумағындағы өрттердің санын азайтуға бағытталған шараны ұйымдастырды
17 Апреля 2017 (16:11) | 1448 |
Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері пәтер иелерінің тұтынушы кооперативінің жетекшілерімен бірлесіп 2017 жылдың 15 сәуір күні Ақтау қаласы 2 шағын ауданда орналасқан №2,8,9 үйлердің және Өмірзақ елді мекенінің тұрғындарына «Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
-Инженерлік инспекторлық құрам тұрғындармен әңгімелесу шараларын өткізді. Профилактикалық жұмыстар барысында шамамен 150-ден астам тұрғындарға нұсқаулықтар жүргізілді.
Ақтау қаласы аумағында ағымдағы жылдың 3 ай ішінде 18 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде тұрғын сектордағы өрттер саны -8.
Өрттердің негізгі шығу себептері өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, тұрмыстық техникалардың зақымдануы мен электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, төсек орнында шылым қалдықтарының қалуы және т.б.
Үгіт насихат жұмыстарын жүргізудің жалпы мақсаты - тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайдың алдын алу және қала аумағындағы өрттердің санын азайту, - деп мәлімдеді шараны ұйымдастырушы Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему