Маңғыстаулық компания 651 млн теңге айыппұлд төлеуі тиіс
14 Апреля 2017 (15:13) | 3566 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстауда қоршаған ортаны ластағаны үшін «Уралэнергострой» компаниясына 651 млн теңге айыппұл салынды. Себебі кәсіпорын өзіне тиесілі аумақтан тыс жерге 2000 текше метр мұнай қалдықтарын сақтаған. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлады.
Бұл топырақ құнарын төмендетеді және зиянды зат ауаға таралып халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Экология департаменті келтірілген залалды өндіру үшін облыстық экономикалық сотына арыз түсірді. Талап арыз қанағаттандырылып сот шешімі заңды күшіне енді.
Рахымжан Бейсенов - облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:
-Серіктестік аталған соманы өз еркімен өтемеуіне байланысты департаменттің талабы бойынша аталған сома Маңғыстау облыстық экономикалық сотының шешімімен өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді және сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау үшін жолданды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему