Шекарашылар 160 бекірені құтқарып қалды
9 Апреля 2017 (10:08) | 1672 |
Автор: Мира Ботабекова
Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей шекарашыларының браконьерлерге қарсы бірлескен шарасы өтуде. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлайды. Көктемгі рейд сәуірдің бірінде басталды. 2-3 күннің ішінде теңіз сақшылары Каспийдің қазақстандық бөлігінен балық аулауға қатаң тыйым салынған ұзындығы 34 шақырым ау құралдарын тәркіледі. 160 бағалы бекіре балықтары құтқарылды.
Шараға «Жағалау күзетінің» тікұшақтарымен бірге қуаты 70 аттың күшіне тең 12 кеме мен 14 су көлігі жұмылдырылды. Бекіре балықтарын құтқаруға арналған рейд мамырдың ортасына дейін жалғасады. Шекарашылардың айтуынша, ресейлік әріптестерімен бірге өткізетін мұндай шаралардың нәтижесі жоғары.
ҚАДЫРЖАН МҰҚАНОВ, ҚР ҰҚҚ ҚЫЗМЕТІ «ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ» ӨҢІРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
-Траль катерлері теңізге тасталған темір істіктері бар торларды жылдам анықтайды. Сәйкесінше, жинап алынып көзі жойылады. Олардың жасалу жолы күрделі болғандықтан бағасы да қымбат. Яғни, қайталап тапсырыс беру үшін қомақты қаражат керек. Осыған сай, соңғы жылдары мұндай ау саны азайып барады ))
Зарегистрируйтесь или войдите в систему