Тәртіп сақшылары аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектесті
28 Мая 2018 (09:41) | 3078
|
Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Ақпараттық-аналитикалық орталықтың бастамасымен Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде «Балаларды қорғау күніне» арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға Департаменттің барлық бөліністері қатысты. Жиналған қаражатқа 11 аз қамтылған көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен, оқу құралдарымен, киіммен материалдық көмек көрсетілді»,- деп хабарлады облыстық ІІ Департаментінің Баспасөз қызметі.

Бұл акция мұқтаж жандарға қамқорлық жасау үшін жүргізілді.
Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметі:
-Жыл ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері әртүрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді, аз қамтылған отбасыларға көмектесуге тырысамыз, балалар мерекесі қарсаңында оларға жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деп шештік.

Жүрек түкпірімізде көмегіміздің тек қуанышқа ұласатынына сенімдіміз. Аталған акцияларды тек бірінші рет қана емес, тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз,- деп мәлімдеді.

Суреттерді түсірген Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



