Ақтауда «Гидрант» профилактикалық операциясы өтуде
9 Апреля 2017 (09:37) | 2444 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары «Гидрант» жоспарлы іс-шарасын өткізді.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «шараның мақсаты - облыс аумағында орналасқан барлық өрт сөндіру су көздеріне ұсынылған ақпаратқа сәйкес, нысан және су құбырлары шаруашылығы басшылығымен оларды тиісті ретке келтіру үшін техникалық тексеріс жүргізу болып табылады.
Облыстың су құбырлары шаруашылығының қызметкерлерімен бірге Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне Маңғыстау облысының түрлі аудандарында орналасқан 2628 гидрантқа техникалық тексеріс жүргізілді.
2016 жылғы 30 қазандағы мәліметтерге сәйкес, өрт сөндіру су көздерінің жалпы санынан 304 жарамсыз жағдайда табылып тұр.
Жарамды гидранттар – табысты жұмыстың кепілі. Бұл жедел өрт сөндіру, өрт сөндіру бөлімшелерінің үздіксіз су беруін қамтамасыз ету және іргелес құрылысқа өрттің таралмауы, құтқарылған материалдар мен құндылықтар және де, әрине, тұрғындардың аман-саулығы.
Ірі өрттер кезінде өрт сөндіру көліктерінің бір автоцистернасының қоры тек қана 5 минут өртті сөндіруге жұмсалады. Дәл сол себепті, шақырту орнына келген кезде өрт сөндірушілер алдымен өздерінің көліктерін өрт гидранттарына орнатады. Алайда, өрт сөндірушілер өрт жалынына су төгудің орнына, сырттан сүймендер және күректерімен қар астынан және асфальт астынан гидрант құдығын іздестіруде әбігерге түседі, судың болмай қалуы мүмкін жағдайда өртті сөндіру әлдеқайда күрделі орындалады.
-Өрт сөндірушілер өртті сұрапылды сөндіру кезінде қажетті су көлемімен қамтамасыз ету үшін жылына екі рет – көктемде және күзде Маңғыстауда «Гидрант» операциясы жүргізіледі.
Гидранттардың техникалық жай-күйіне жоспарлы тексерісті Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» қызметкерлері өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесімен қызмет көрсететін ұйым өкілдерімен бірге өткізеді.
Осы жылы операция 2017 жылдың 5 сәуірінен бастап 26 мамырға дейінгі аралықта өткізілетін болады, - дейдіМаңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему