Анықталған кемшіліктердің 92%-ы медициналық көмек көлемін негізсіз асыруға байланысты
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 01:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Анықталған кемшіліктердің 92%-ы медициналық көмек көлемін негізсіз асыруға байланысты

30 Октября 2023 (15:53) | 6497 | Автор: Редакция

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалында осы жылдың 9 айдағы медициналық қызметтер сапасының мониторингінің қорытындысымен бөлісті. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерді көрсету кезінде орын алған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы екені көпшілікке мәлім. Қор медициналық ұйыммен келісімшарт жасасқан кезде тапсырыс беруші әрі төлеуші болса, медициналық ұйым өз кезегінде осы медициналық қызметтерді ұсынады.

Қор сарапшылары келісім міндеттемелері шеңберінде ТМККК және МӘМС аясында жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасы мен көлемдеріне ұдайы мониторинг жасайды. Шара барысында медициналық көмек көрсету стандарттарынан, клиникалық хаттамалардан және басқа да нормативтерден кемшілік жіберілгені анықталса, медициналық ұйымдарға айыппұл санкциялары салынады.

2023 жылдың 9 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 66 185 кемшілік анықталды. Оларға жалпы 434 млн теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Анықталған жағдайлардың 92%-ы (61 221 кемшілік) емдеу және диагностикалық қызметтерді жүргізу көлемін негізсіз асыруға байланысты болып отыр. Ал 3% (2254) – емдеу нәтижесінде нашарлауға әкелген емдеу шараларын уақтылы немесе тиісінше орындамау анықталды. Сондай-ақ, 493-тен астамын (1%) медициналық көмек (қызмет) көрсетудің расталмаған жағдайларын құрады.

Медициналық көмек түрлері ішінен жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультативтік-диагностикалық қызметтер бойынша кемшіліктер басым (61 956 кемшілік немесе 95%). Стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек 4%-ды (3406 кемшілік) құрайды.

«Талдау нәтижелеріне сүйенсек, көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін асырып көрсету бойынша көптеген бұзушылық орын алады. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерде анықталады. Мемлекет басшысы өз сөзінде консультативтік-диагностикалық көмекті көрсету барысында жалған жазбаның көп орын алатынын тілге тиек еткен болатын. Салдарынан қаржы жетіспеушілігі мәселесі көтеріледі. Қор өз тарапынан медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді және бұндай фактілердің жолын кеседі. Ашықтықты арттыру үшін денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді филиал директоры Елдеш Космаганбетов.

 

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegramдағы SaqtandyryBot және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз.

 

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді келесі құралдар арқылы тексеруге болады:

- fms.kz ресми сайты

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

- Telegramдағы @SaqtandyryBot

- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы

- Damumed мобильді қосымшасы.

 

Сондай-ақ egov.kz электронды үкімет сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему