Айболат Азия чемпионы атанды
29 Августа 2017 (11:45) | 2197 | Автор: Нурганым Имашева
Тәжікстан мемлекетінде самбодан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге тоғыз мемлекеттің 122 балуаны қатысты. Осы үлкен жарыста маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Айболат Мұратұлы самбодан Азия чемпионы атанды.
Жерлесіміз Айболат алғашқы кездесуін ауғанстандық балуанмен өткізді. Қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Екінші қарсыласы ирандық балуанды «аяқ ауырту» тәсілімен жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Бұл жолы өзбекстандық балуанды 2:1 есебімен ұтты. Финалдық кездесуде тәжікстандық Моходеддола Комадовты айқын басымдылықпен жеңіп, мықтылығын дәлелдеді. Осылайша, самбодан Азия чемпионы атанды.
-Қарсыластарымның барлығын тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанғаныма өте қуаныштымын. Тәжікстан мемлекетінде өтіп жатқан жарыс болғандықтан финалдық кездесу қалай өтеді деп уайымдағаным рас.
Алайда мықты дайындығымның арқасында тәжікстандық балуанды айқын басымдылықпен жеңдім.
Маған жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қ. Дәлбековке, облыстық спорт басқармасына, белгілі бапкер, спорт жанашыры М. Бисекеновке алғыс айтамын,-дейді Айболат Мұратұлы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему