Жаңаөзендік дәрігерлер ұлыстыңұлы күнін ерекше тойлады
19 Марта 2017 (13:16) | 1471 |
Автор: Мира Ботабекова
Түркі әлемі үшін ұлық мейрам – Наурыз тойын Жаңаөзендік ақ халаттылар сән-салатанатпен өткеруде. Мәселен, №2 Жаңаөзен қалалық емханасының дәрігерлері мереке шырайын келтіріп, Амал күнінен бастап қазақы киімдерін киген. 14 наурызда жаңа жылға аман жетуімен бірін-бірі құттықтап, төс қағысып көрісті. Ал, күн мен түн теңелер 22 наурыз қарсаңында дүбірлі шара ұйымдастырылған. Емхана жастары түрлі ұлттың биін билеп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, ұжым арасында қазақ және түркмен халқының салт-дәстүрлерінен театрлық көріністер көрсетілді.
* Бүгінгі шараға біздің дәрігерлер өте үлкен дайындықпен атсалысты. Бірі - бесік жырын айтып, бірі - қыз ұзату және өзге ұлттардың мәдениетінен сыр шертті. Қазақы жаңа жылымызды ерекше қарсы алу – әркімнің ақ парызы деп ойлаймын. Барша әріптестерімізді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! – деп, тілегін жеткізді №2 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Н. Самаликова.
«Мереке қарсаңында емханада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен медбике Қ. Сапуанованы салтанатты түрде зейнетке шығару рәсімі өтіп, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады»,-деп хабарлайды ОДСБ баспасөз хатшысы Б.Әнуарбек.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему