Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 21:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

18 Марта 2017 (21:36) | 5658 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

-Өрт – «тілсіз жау». Ол айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынады.

Сондықтан ондай жаумен күресу үшін төрт қаруың түгел, сақадай сай болуың қажет. Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздігі , өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi.

Көбінесе тілсіз жаудың шығуы, автокөліктің электрсымдарының шағылысуынан пайда болады. Өзге санақ бойынша көлік ішінде шылым шегу соңғы орынды иеленбейді.

Ақтауда 2016 жылы 3 ай ішінде 11 өрт оқиғасы тіркелсе, 2017 жылы осы мерзім аралығында 14 өрт оқиғасы тіркелген. Соның ішінде осы жылы 2 өрт оқиғасы автокөліктерде болған, - деп мәлімдейді біздің басылымға жолдаған хабарламасында Ақтау қаласы Төтенше Жағдайлар басқармасының инженер лауазымындағы тағылымгері Айнабек Жасұлан Қуатбекұлы.

ТЖ саласының болашақ маманы автокөлікте өрт пайда болған жағдайда не істеу керек екеніне назар аудартып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынады.

Құрметті автокөлік иелері:

-Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;

-Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;

-Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;

-Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:

-cол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.

-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаныз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.

-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ, көбік сеуіп тастау керек

-Егер көлігінізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему