Жастарды өз ісін ашуға оқытты
15 Июля 2017 (09:29) | 1927 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Маңғыстау облысы жастарының конгресі» корпоративтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен өз ісін ашуға құлшыныс танытқан Маңғыстаудың ерікті жастарына арналған «Тұлғалық өсу» тақырыбындағы оқу тренингі өткізілді.
«Орда» БО – ның коворкинг орталығында өткен аталмыш шараға 30 - ға жуық ерікті жас қатысты.
Оқытуды «Лайк Центр» компаниясының Ақтаудағы филиалының басшысы Бекжан Шоқанов жүргізді.
Тренинг барысында жас өрендер өз уақыттарын тиімді пайдаланып, алға қойған мақсаттарына жету, өз ісін ашу үшін қандай әрекеттер жасап, бизнесті бастау кезінде кездесетін қиыншылықтарға қалай төтеп беру, кедергілерді жеңе білу және позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру жөнінде пайдалы кеңестер алды.
Сонымен қатар оқыту кезінде жасөспірімдер бизнесті тиімді ұйымдастыру бағытында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тренерден тұшымды жауаптар алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему