Маңғыстаулық самбошылар Ресейден олжалы оралды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық самбошылар Ресейден олжалы оралды

3 Марта 2017 (14:39) | 1359 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ресей Федерациясының Рязань қаласында ұйымдастырылған жарыста маңғыстаулық самбошылар 2 алтын және 1 күміс медальды еншіледі.

 

Ауған соғысында қаза болған Рязань жауынгерлерін еске алуға арналған турнир 2001-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

 

Спорттық бәсекеге Қазақстан, Мәскеу, Украина, Молдавия, Белоруссия мемлекеттерінен барлығы 500 самбошы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында еліміздің қоржыны 6 медальмен толықты.

 

Дүбірлі додадан «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты Жыңғылды интернатының самбошысы 34 келі салмақта Ернар Нәдірбай мен 50 келі салмақта Дәурен Төлегенов алтыннан алқа тағып, ел қоржынына алғашқы алтындарды салды.

 

Сондай-ақ, 38 келі салмақта Абылайхан Сұлтанбек күміс медальді ұтып алды. Қуанышты жаңалықпен Рязаннан экстра-класс дәрежесіндегі төреші, облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев бөлісті.

 

-Барлық белдесулер сәтті аяқталды. Шәкірттерімнің жеңісіне өте қуаныштымын. 5 наурызға дейін жарысқа қатысқан барлық командалар арасында біріккен оқу-жаттығу жиыны өтуде.

 Өзге мемлекеттің самбошыларымен тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдау үшін де мұндай шаралар өте қажет.

Жалпы жарысқа 20 команда қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Маңғыстау мен Атырау облыстары бар. Маңғыстаулық самбошылар 2 алтын мен 1 күмісті еншілесе, атыраулықтар 1 күміс, 2 қола медальді қанағат тұтты.

Еліміздің самбошылары жақсы өнер көрсетті, барлық белдесулер өте тартысты өтті,-дейді облыстың самбодан аға бапкері Берік Жұмағалиев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему