Былтыр 148 егіз туылған
23 Февраля 2017 (20:19) | 3628 | Автор: Мира Ботабекова
Мамандар берген мәлімет бойынша, соңғы жылдары өңірде туылған егіздер мен үшемдер саны екі есеге артқан. Былтыр облыстық перинаталдық орталықта 148 егіз бен 3 үшем дүниеге келіпті. Бұл рекордтық көрсеткіш.
Ал, биыл жаңа жыл басталғалы қаңтар, ақпан айларында дәл осы облыстық перинаталдық орталықта 1 үшем мен 28 егіз туылған. Жақында Бейнеу ауданының тұрғыны Айзада Аманқұлова егіз ұлды болды. Алихан мен Алижан 2 келі 700 грамм салмақпен туылды. «Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы»,-дейді дәрігерлер. Осылайша 32 жастағы келіншек көп балалы ана атанды. Айзада Аманқұлованың егізден үлкен екі қызы бар екен.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему