Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 16:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі

17 Марта 2017 (17:49) | 1835 | Автор: Мира Ботабекова

 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі өзгереді.

 

«Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен (қазір 40%) отбасылардың әрбір мүшесіне, еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады.АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады: көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ); 18 жасқа дейінгі балалар арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек», - деді министр.

 

Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді.

 

Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.

 

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.

 

Әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерін сынап көру мақсатында 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске қосылды. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, ұқсас өңірлік пилоттық жобалар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. Осы орайда, 2015 жылы, «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.

 

2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаның іске асуы қатысушылардың жан басына шаққандағы табысының 2 есе артуына ықпал етті; еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90,5 %-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды; пилоттық аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 24,7 %-ға төмендеді.

 

Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2017 жылға жалпы сомасы 7,1 млрд. теңге қарастырылған. Осы жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына еліміздің барлық аудандары мен қалаларынан табысы аз 150 мың азаматты қамту жоспарлануда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему