Ақтауда фоторадарлар саны артты
16 Февраля 2017 (12:22) | 1723 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда фоторадарлар саны артты. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлайды.
Жаңа қондырғылар жол ережесін бұзу деректерін жедел әрі сапалы түсіреді. Заманауи технология көлік жиі жүретін үш көшеге орнатылған. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 135 млн теңге жұмсалыпты.
Ендігі жерде қарама-қарсы бағыттағы қос жолақ та камера назарында болады. Айыппұл түбіртегі тәртіп бұзушы тіркелген мекенжайға жолданады. Енді инновациялық құралдарды Жаңаөзен қаласына орнату көзделген.
Амангелді Халмұрадов, өңірлік ІІД ЖПҚ басшысы:
- Бұл қондырғылар бір ай уақыт ішінде тестілік режимде жұмыс жасап тұрды, қала ішінде. Бүгін, үшінші күні арнайы қосылып жұмыс жасап жатыр. Осы үш күн ішінде қондырғылар 421 құқық бұзушылықты анықтады. Пайдасы бар, біріншіден, жүргізушілерді тәрбиелейді. Екіншіден, жол-көлік оқиғалары азаяды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему