Мүмкіндігі шектеулі 13 кәсіпкерге қолдау көрсетілді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мүмкіндігі шектеулі 13 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

15 Февраля 2017 (15:49) | 1415 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстауда жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 13 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. «Даму-Көмек» жобасының шарапатын көрген жандар қажетті құралдармен тегін қамтылып жатыр. Мемлекеттік қаржылық ұйым кембағал кәсіп иелері мен демеушілер арасында берік байланыс орнатқан. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлады.

 

«Даму» қорына жүгінгендер қатарында «Ақтаудағы кереңдер одағына» мүше азаматтар да бар. Оларға қамқоркөңілмен қараған қала кәсіпкерлері көлік жөндеу, тігін және шаштараз жабдықтарын тарту етті. ІІІ топтағы мүгедек Мәдемхан Есмағанбетова фитнес орталығына тегін қатысып жүр. Денсаулығы жақсарған тұрғынға орталық басшысы ателье ашуға кеңес беріп, тігін машинасын сыйлады.

 

 Мәдемхан Есмағанбетова, ІІІ топ мүгедегі:

 - 18 жыл бұрын орнымнан тұра алмай төсекте жатқанымда сол кісінің көмегімен орнымнан тұрғанмын. Жаттығу орнына барып, аяғымды басып, жүріп кеткенмін. Бүгінде сол кәсіпкердің көмегімен тігін машинасын алып отырмын.

 

Абай Момбеков, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» қоры аймақтық бөлімшесінің менеджері:

- Жоба 2010 жылдан бері басталған. Бүгінгі таңға дейін 81 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге көмек көрсеттік. 2016 жылы 19 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмегімізді көрсеткенбіз 1 млн 500 мың теңгеге. Қолдау көрсетілген кісілердің арасында екінші деңгейлі банктер арқылы несие алған жандар да бар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему