Шайырдан футбол алаңы ашылады
27 Апреля 2023 (17:50) | 2024 |
Автор: Редакция
Маңғыстау ауданындағы Шайыр ауылында 30 cәуір күні футбол алаңы ашылады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол алаңының ені 20, ұзындығы 40 метр. Бұл жаңалыққа ауыл тұрғындары, жастар және балалар қуанышты.
-Осы істің басы-қасында аянбай, тезірек және сапалы болып бітуіне атсалысып жүрген ауылымыздың әкімі Ғани Орынбасарұлының және ауылымыздың белсенді жастарының бірі Азимбек Субихановтың, кез-келген қолына алған істі шыр айналдыратын хас шебер Айбек Жанғожаевтың еңбегі зор. Шайыр ауылдық округі әкімдігі арқылы тендерге түсіп, 9,5 миллион теңгеге жеңіп алған жеңімпаз мекеме «Соқырлар қоғамдастық бірлестігі» иесімен бірнеше рет кездесіп, әр бөлшегіне мән беріп, тіпті күз айында жұқа газон төсеп бермек болған мердігермен келіспей, қалың газон алдыртып, әр астына төселген топырағына, қоршауының сырланған сырына дейін мән берілді. Ауылымыздың жастары да өздері жасасын демей, жұмыла көмектесіп, үлестерін қосты. Осы футбол алаңының бітуіне атсалысқан барша жанға мың алғыс айтамыз, - дейді шайырлық Нұрия Есенова.
Айта кетейік, футбол алаңының ашылу салтанатында 6 команда сайысып, ойын көрсетпек.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему