Құрық ауылында лагерь маусымы ашылды
16 Июня 2017 (11:21) | 1904 |
Автор: Мира Ботабекова
Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында балаларға арналған "Каспий" жазғы сауықтыру ақшатыры өз жұмысын бастады. Демалысмаусымының биылғы тақырыбы "Тұғыры биік Тәуелсіздік" деп аталады.
Лагерьде оқу озаттары, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 300 оқушы 3 ауысыммен демалады. Мұнда олар үшін барлықжағдай жасалған. Тоғызқұмалақ, тігін, тоқыма үйірмелері оқушылардың жазғы демалысының көркін аша түспек. Сондай-ақ, Қарақиядамектеп жанынан ашылған демалыс орындары да жұмысын бастады. Биыл аудан бойынша 6 мектепте 900 баланы қамтитын мектепжанындағы лагерьлер жұмыс жасайды.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему