Ауылға арналған несиеден құр қалмаңыз, ағайын!
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ауылға арналған несиеден құр қалмаңыз, ағайын!

26 Января 2017 (11:24) | 2113 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2016 жылы жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Мысалы, Қордың несиелік қоржыны 69,2 млрд теңгеден 82,6 млрд. теңгеге дейін, белсенді қарыз алушылардың саны 28,7 мыңнан 36,6 мың адамға дейін өсті.

Несиелеу келесі негізгі бағдарламалар бойынша жүргізілді: «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Ырыс», «Береке», «Бірлік», «Отбасылық қарқынды бақтар». Жалпы, барлық несиелеу бағдарламалары бойынша 35 млрд теңгеге 11 мың қарыз берілді. Оның ішінде 24,8 млрд. теңгенің 9,1 мың несиесі – Жұмыспен қамту жол картасы бойынша.

Өткен жылы Қор 440 отбасылық мал бордақылау алаңын, 17 сүт қабылдау бекетін, 226 отбасылық сүтті-тауарлы фермасын, 5 шағын қаржы ұйымын қаржыландырып, 24 отбасылық алма бағын іске қосты, 29 нысанда тамшылатып суаруды енгізді, - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дұман Оспанов.

Алдын-ала қаржылық есептілік бойынша, Қордың өткен жылдағы таза табысы 3,5 млрд. теңгені құрайды.

2017 жылы қор агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

АӨК-ін дамыту мемлекеттік бағдарламасында қойылған негізгі мақсаттардың бірі – ауылшаруашылық кооперативтерді дамыту болып табылады. Ауыл шаруашылық саласындағы барлық мемлекеттік қолдау, оның ішінде субсидиялар, осы мақсатта бағытталады.

Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылық министрлігі кооперативтік негізде 220 сүт қабылдау бекетін, 54 мал сою бекетін, малдың 244 мың басына арналған отбасылық мал сою алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында осы жылы 27,1 млрд. теңге бөліну жоспарланған, оның 16,3 млрд. теңгесі Қор арқылы ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге бөлінеді деп күтілуде.

Қордың басқарма төрағасының орынбасары Д. Оспановтың айтуынша, жыл қорытындысы бойынша Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда филиалдары қысқа мерзімде ауылшаруашылық кооперативтерді ұйымдастырып, қаржыландыру жоспарын 1,5 есе асырып орындады.

Жақында Астана қаласында өткен директораттың барысында жылдық рейтингі бойынша 1 орын мен Қордың кубогы Жамбыл филиалына тапсырылды. Екінші және үшінші орындарды Атырау және Ақтөбе филиалдары иеленді. Рейтингті анықтауда қаржыландыру жоспарын орындау, ауылшаруашылық кооперативтерді қолдау және қаржыландыру, несиелік қоржынның сапасы, белсенді қарыз алушылардың санын көбейту көрсеткіштері есептелген.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігінің банктік қарыздық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему