Балалардың бақыты – басты мұрат
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балалардың бақыты – басты мұрат

6 Июня 2017 (13:49) | 4383 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай филиал қызметкерлерінің балаларына арналған «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Құтқарушылардың ұл-қыздары ата-аналарының жұмыс орындарына келіп, апатты ауыздықтауға арналған құрал-жабдықтар мен техникалардың қызметімен танысты. Мереке құрметіне балдырғандар достық, отбасы және бейбітшілік тақырыбында асфальтқа сурет салып, сайқымазақтар қойылымын тамашалады. Балғындарға мекеме кәсіподағының атынан тәттілер мен ойыншықтар таратылды.

 

Мерекелік шараға Маңғыстау филиалы қызметкерлерінің 40-тан астам 3-10 жас аралығындағы ұл-қыздары жиналды. Мерекеге орай әсем безендендірілген ғимарат алдындағы алаңда «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман сөз алып, балдырғандарды халықаралық мейраммен құттықтады.

 

 

-​ Мен үшін әрбір сәби егемен еліміздің ертеңі, туған жеріміз- Маңғыстаудың болашағы дер едім. Бөбектерімізді аялап, оларға қамқорлық жасау – бәріміздің міндетіміз. Осындай керемет күнде ұл-қыздарымыздың қуанышты да періштедей жүзін көріп, күлкісін есту неткен ғанибет?! Бақытты жүздеріңізді ешқашан мұң шалмағай! Білім алудан, өнерге ұмтылудан шаршамаңыздар! Мереке құтты болсын,-деді «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.

 

 

Мерекелік шараға қуана келгендердің бірі - құтқарушы Арман Бекбосыновтың ұлы 7 жастағы Абдуррахман Бекбосынов. Абдуррахманның өскенде әкесі сияқты құтқарушы болғысы келеді. Ол адамдарды түрлі апаттан қорғасам дейді. Сондықтан, әкесінің жұмыс орнында ұйымдастырылған мерекелік шара оған қатты ұнады. Әсіресе, алып көліктер мен ауыр техникаларға қызығып, сайқымазақтармен түрлі ойындарды көңілдене ойнады.

 

 

-​ Мұндай мерекеге алғаш келуім. Қатты ұнады! Сайқымазақтардың қойылымы сондай күлкілі болды. Ата-аналарымыз аман болсын, сонда мереке де көп болады деп ойлаймын!-дейді Абдуррахман Бекбосынов.

 

Ғимарат алдындағы алаңда балалар асфальтқа сурет салу байқауына қатысты. Бейбітшілік, достық және отбасы тақырыбындағы ой-армандарын балғындар асқан шеберлікпен бейнеледі. Қылқалам шеберлеріне ұйымдастырушылар атынан Мадақтама қағаздары беріліп, мерекеге арнайы шақырылған сайқымазақтар қойылымынан соң барлық балаларға ойыншықтар таратылды.

 

 

Бірақ, мереке мұнымен аяқталған жоқ. «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының қызметкерлері мен балаларынан құралған топ қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Топ мүшелері «Бала арманы» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық қорының тізіміндегі 4 жарымжан балғынға қажетті дәрі-дәрмектер мен ойлау қабілетін, қолдың қозғалысын дамытатын ойыншықтар сыйға тартты.

 

4-10 жас аралығындағы балғындардың барлығы да Даун синдромына шалдыққан. Тағдырдың жазуымен басқа балалар сияқты балабақшада ойнап, мектепке бара алмайды. Үнемі кортексин, церебролизин атты дәрілерді қабылдап, дәрігердің қадағалауында болулары тиіс. Кейбірі көпбалалы отбасыдан шыққан болса, бірінің жанұясы толыққандемес. Сондықтан, қымбат бағалы дәрілерді уақытылы қабылдай алмайды. Маңғыстаулық құтқарушылардың мерекелік сыйлығын олар қуана қабылдап, рамазан айындағы ізгі істері үшін алғыстарын жаудырды.

 

«КӘАҚҚ» РМК

Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Анар, 21 Июня 2017 (15:18)
0 0
Балалардың бақыты - омирдеги барлык балалар ушин басты мурат болуы тиис. кишкене сабилерди жылатуға, оларды корлауга ешкашан жол берилмеуи тиис!!!
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему