Тыйым салынған уақытта арақ сатқан
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тыйым салынған уақытта арақ сатқан

11 Января 2017 (15:53) | 2754 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Елімізде кешкі 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейін спирттік ішімдік сатуға тыйым салынған. Заңды бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында А-ға қатысты тап осындай әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  А. Түнде яғни сағат 01:00 шамасында, Жаңаөзен қаласы, Рахат-2 шағын ауданы, №9 көшеде орналасқан «Аян» азық-түлік дүкенінде азамат С-ға бір дана «Парламент» 0,5л. арағын 700 теңгеге сатқаны анықталған.

Сот қаулысымен  А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен (этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын: сағат 21:00 ден келесі күнгі сағат 12:00 дейін  бөлшек сауда арқылы өткізуге тыйым салынады)  кінәлі деп танылып, 10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210  теңге әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему