Маңғыстау соттарына әкімшілік істер бойынша 207 талап қою арызы түскен
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау соттарына әкімшілік істер бойынша 207 талап қою арызы түскен

1 Ноября 2021 (13:45) | 705 | Автор: Редакция

 

 Оның айтуынша, өңірде әкімшілік соттардың жұмысы 1 шілдеде басталды. Содан бері барлығы 207 талап қою арызы тіркелген.

 «Сот орындаушыларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау 50, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 41, салық даулары бойынша 31, жер даулары бойынша 28, еңбек даулары бойынша  10, тұрғын-үй даулары бойынша 11, қоршаған ортаны қорғау бойынша 2, зейнетақы даулары бойынша 4, кедендік даулар бойынша 1, тұтынушының құқықтарын қорғау бойынша 1, өзге дауларға қатысты 24 талап арызы бар», - деді Серік Жұмабаев.

 Спикердің мәліметінше, аталған кезенде 74 шешім шығарылған. Оның ішінде 22 шешім қанағаттандырылған, 14 ішінара қанағаттандырылған және қанағаттандырусыз қалдырылған 38 шешім бар. Кері қайтарылған әкімшілік істер саны 78. Ал 17 талап арыз бітімгершілікпен аяқталды.

 Баспасөз конференциясына Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Исатай Сматов қатысты. Оның айтуынша, сот тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша бірқатар шара өткізілді.

 «Жеке сот орындаушыларының Маңғыстау облыстық палатасы өңірдің кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде қыркүйек айында талап қою 30% азайды. Сондай-ақ 17 әкімшілік іс татуласумен аяқталды. 9 әкімшілік іс соттарға жолданды», - деді Исатай Сматов.

 Айта кетейік, істерді қарау барысында мемлекеттік мекемелер тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар бойынша 14 жеке ұйғарым шығарылған. Оның 9-ы мемлекеттік мекемелерге қатысты  болса, 5-уі жеке сот орындауышларға тиесілі. Ақшалай өндіріп алу сомасы 408380 теңгені құрап, республикалық бюджет пайдасына өндірілген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему