Тілді қорғау тәуелсіздікті қорғаудан кем емес
Курс валют в Актау
на 16/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
16 Мая, 18:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тілді қорғау тәуелсіздікті қорғаудан кем емес

29 Декабря 2016 (14:24) | 3333 | Автор: Мира Ботабекова

 

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, мемлекет пен қоғамдағы күрделі құбылыс - тіл мәселесі болып табылады.

Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың бар болмысын айқындайды, оның рухани мәдениетін айқындайды, сондықтан тіл өзіне деген құрметті талап етеді.

Тіл туралы Алаш арысы М.Шоқайдың «Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл» дейтін сөзі бар.

Ана тіліміз бәрімізді өмірге әкелген анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған. Іңгәләп бесікте жатқанда айтылған анамыздың бесік жырымен жүрегімізге енген. Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарымыздың ұлағатты сабақтарында халқымыздың қазынасын - ұлт тіліндегі әдебиетін оқығанда көкейімізге ұялатқан.

Ұлттың ұлы қазынасы - ана тілін жаңа ғасырдың биігіне алып шығу - болашақ ұрпақтың абыройлы парызы болып табылады.

 Біздер тәуелсіздікті «оңай жолмен алдық, дайын күйде келді» деген сияқты пікірлерді естіп қаламыз, ол әрине- қате ұғым.

Тәуелсіздік берген ең құнды, ең бағалы бір жетістік - ол туған тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны «Ата Заңымыздың» 7-ші бабында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деп бекітілгендігі.

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында да басым бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назар аударылуда.

Өз тілін менсінбей, өзге бір тілдің ырығына кететіндердің қатары қазіргі таңда біртіндеп азайып келеді.

Жаңа ұрпақ, жаңа буын келіп, тіліміздің мәртебесін одан әрі жоғары сатыға көтереріне күмән келтірмейміз.

Тәуелсіздікке дейін де біздің көптеген халық жазушыларымыз бен аға кайраткерлеріміз де мемлекеттік тілді қолдау мәселесіне барынша атсалысты, оны қорғауға күресті. Халықтың жазушысы Ғ. Мүсірепов атамыз Қазақстан Жазушылар одағының пленуымында туған тіліміз туралы баяндамалар жасаған болатын. Оның «Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәселесі. Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ өз тілімізге мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас жара болары сөзсіз. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа таптайды» деген сөзінде үлкен мән-мағына жатыр.

 «Тыңдаушысы жоқ болса - сөз жетім» деген мақал көненің көзінен қалса керек-ті. Ұлы Абай: «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген еді. Салмақпен ойланған кезде, сөзді ұғатын кез келді» деп айтылып жүрген пікірдің үлкен міндет жүктейтінін мемлекеттік қызметте жүрген азаматтарымыздың үнемі ескергені абзал. Әрбір азамат туған тілге деген құрмет пен жауапкершілікті өзінен бастауы керек.

Тілді үйрену отбасынан бастау алу керек. Отбасында алған ұлттық тәлім-тәрбие ана тілі арқылы дарыса, одан әрі жас ұрпақ өмірдегі тілге деген қөзғарасын дұрыс қалыптастырып, дұрыс жолға бағытталатынына кәміл сенемін.

Бүгінгі күні әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етіп қоюда. Жас ұрпақтың білім ұйымдарында осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды, алайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

Мемлекеттік тіліміздің мерейі Егемендімізбен асқақ. Тіліміздің мәртебесі Тәуелсіздігімізбен ажарлы. Олай болса, тілді қорғау тәуелсіздікті қорғаудан бір де кем емес. «Сөзі жоғалган ұлттың өзі де жоғалады., «тіл болмаса, ұлт та болмайды» деген болатын Алаш қайраткерлері. Сол үшін де, тәуелсіздігімізді қорғау, Егемендімізді нығайтуға күш салу, тіліміздің мәртебесін биіктету ел болудың, халық болып мұраттарға қол жеткізуіміздің басты мәртебесі!!!

Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері А.Нәубет.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему