Үш ауылға газ келді
28 Декабря 2016 (17:19) | 2557 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысының басшылары өңірдегі үш бірдей ауыл тұрғындарына жаңа жылдық сый жасады. Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдарына газ келді.
Көптен күткен «Шөлтөбе-Ұштаған-Басқұдық-Жарма» газ құбыры іске қосылып, Ұштаған, Басқұдық және Жарма ауыл тұрғындарының үйінде көгілдір отын пайда болды.
Газ құбырының жалпы ұзындығы – 92,67 шақырымды құрайды.
«Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан аталмыш газ құбырына 898 576 000 теңге қаражат бөлінген.
Аймақ басшысы Алик Айдарбаев газ құбырын салтанатты жағдайда іске қосып, ауыл жұртшылығын қуаныштарымен құттықтады.
-Бүгінде аудандағы әлеуметтік мәселелер толыққа жуық шешілді деуге болады. Барлық ауылдарда бала-бақшалар жұмыс жасайды. Соңғы жылдары ауданның жеті елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды, барлық ауылдарда автомобиль жолдары жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Алдағы жылдары да ел қажеттілігіне қарай әлеуметтік нысандар салына беретін болады. Міне, бүгін Маңғыстау ауданының кішкентай бірнеше ауылына газ келді. Сіздерді осы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үйлеріңізден жылу кетпесін! – деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Енді ауыл әйелдері от жағу машақатынан біржола құтылды. Олар табиғи газдың келу құрметіне орай, плиталарына бауырсақ пісіріп, шәй қойып, мәре-сәре болуда.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему