Қайырымдылық көмек көрсетті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 21:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қайырымдылық көмек көрсетті

30 Марта 2016 (14:11) | 3792 | Автор: Редакция

 

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығы мен «ҚаражанбасМұнай» АҚ жас мамандар кеңесі бірігіп, Ақшұқыр ауылының тұрғыны, І топтағы мүгедек Оспан Жаңабаевтың отбасына азық-түлік тарту етіп, қаржылай жәрдем берді.

 

48 жастағы Оспан Жаңабаев жұмыс кезінде алған жарақатынан ұзақ емделгенімен құлан-таза айығып кетпеген. Басында баспанасы жоқ бұл отбасын Ақшұқыр әкімдігі қамқорлығына алып, ауылдағы ескі медициналық кешеннің екі бөлмесіне орналастырған. Енді әкімдік жақын арада асарлатып, облыс кәсіпкерлерінің көмегімен жеке үй тұрғызып беруді жүзеге асырмақшы.

 

 

-2006 жылы жолдасым Оспан мұнай құбырларын қазатын компанияда жұмыс жасап, жұмыс кезінде жарақат алды. Бел омыртқасы мен аяқ қолы жасамай қалып, төсекке танылды. Бүгінде І топтағы мүгедек. Күндіз жұмыстан қолым босай қалса, жолдасымды қараймын, мектепте оқитын ұлымның сабағын қадағалауға да мұршам болмайды. Мүгедек адамды бағып, қасында отыратын отбасымызда адам да жоқ. Оның үстіне жеке баспанамыздың болмағандығы да жаныма батады. Жер беру мәселесі шешімін тапқандай болды, енді сол үйді тұрғызуға облыс кәсіпкерлері, тұрғындары көмектессе деймін. Асарлатып үй тұрғызып беруге көмек көрсетсе, қуанар едік. Әр апта сайын азық-түлік әкеліп, табыстап жатқан азаматтарға алғысымды айтқым келеді,-дейді Гүлсара Мергенова.

 

Ақшұқыр ауылы әкімдігінің қызметкері Фатима Еділованың айтуынша қазіргі таңда ауылда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 19 отбасы бар. Олардың басым көпшілігін баспана мәселесі мазалауда.

 

 

- Жаңабаевтар отбасының жер мәселесін ауыл әкімдігі шешіп жатса, біз кәсіподақтың атынан тасын түсіріп беріп, қолдан келгенше көмегімізді көрсеткіміз келеді. Біздің мұндай игі бастамамызды барлық тұрғындар да қолдап, көмегін көрсетеді деген ойдамын. Жалпы жыл басынан бері біз республикалық «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында облыстағы балалар үйіне көмектесіп, жағдайларымен жақын таныстық,-деген облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабековпен әңгімелесу барысында биылдан бастап кәсіподақтар орталығының балалар үйінен шыққан түлектерді қамқорлығына алып, білім алуына жағдай жасап, жұмысқа тұрғызу мәселесінде көмектесуді қолға алғаны туралы белгілі болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему