Әр үйдің есігін қағып, дінді уағыздау – заңға қайшы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әр үйдің есігін қағып, дінді уағыздау – заңға қайшы

23 Декабря 2016 (15:33) | 2306 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысында ресми тіркеуден өтпей, діни ақпарат беріп, түрлі әдебиет таратып жүргендер көп. Бұл туралы баспасөз мәжілісін өткізген облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері мәлімдеді.

 

«Сондықтан да көшеде, аулада, үйде, қоғамдық орындарда діни уағыз жүргізіп жатқан жағдайларға тап болсаңыз дереу құзыретті органдарға хабарласу қажет. Ол үшін арнайы 102 нөмірі немесе 114 деген біздің қауырт желіміз тәулік бойы жұмыс істейді»,-деді Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Есенәлі Иса.

 

 Журналистермен кездесу барысында дін істері басқармасының өкілдері өңірге заңсыз келіп, өз миссиясын астыртын орындайтындардың бар екенін жасырмады. «Аймақта заңды түрде есепке алынған үш миссионер бар. Қалғандарының ісі заңсыз. Олар көше жағалап, әр үйдің есігін қағып уағыз айтады, парақша таратады. Қолдарындағы планшеттерінен сайттарын көрсетеді, электронды пошталарын, аты-жөндерін беріп, әлгі адаммен қалай да байланыс орнатуға тырысады. Бұл заңға қайшы. Мұндай жағдайда ақпарат алудан бас тартып, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Кез-келген азамат діни ақпаратты тек мешіт, ғибадат үйлерінде алуына болады», дейді Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Есенәлі Иса.

 

Кез-келген миссионер алдымен Маңғыстау облыстық дін істері басқармасына келіп тіркеліп, ақпаратын сараптамадан өткізу қажет. Теологтар зерттеуінен соң ғана рұқсат етілсе, қалада сатуға рұқсат етілген 12 орынға жіберіледі. Алайда, бұлталапорындалмайтұр. Басқарма өкілдері жергіліктітұрғындарбұлмәселегеатүстіқарамай, мамандарғақолдаукөрсетуқажет екенін айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему