Главное » Тыныс
Жеңілдетілген автокредит: банк қандай жағдайда өтінімді мақұлдамайды
23 Мая 2022 (17:31) | 1282 | Автор: Редакция
4 проценттік автокредит бағдарламасына қатысып жатқан банктер үміткерлерді қалай іріктейтінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
nur.kz
Негізгі талап – төлем қабілеттілігі. Автокредитке өтінім берген адам соңғы алты айда тұрақты түрде зейнетақы жарнасын аударған болуы шарт. Екіншіден, табысы бір айлық шығыннан кем дегенде 50 процентке артық болуы керек.
"Мәселен, ай сайынғы табысы 100 мың делік, онда шығыны 50 проценттен, яғни 50 мың теңгеден аспауға тиіс", - деп түсіндірді банк өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал клиенттің ай сайын 30 мың төлеп тұратын басқа кредиті болса, онда 20 мың ғана қалады. Ол ақша жеңілдетілген автокредит алуға жетпейді. Осыған байланысты банк өкілдері алдымен қаржы мүмкіндігін жан-жақты бағалауға кеңес беріп отыр. Содан кейін ғана автокредитке өтінім берген дұрыс.
Айта кетері, 16 мамырда республика бойынша 4 проценттік автокредит бағдарламасы іске қосылды. Банк ЦентКредит бірінші болып өтінім қабылдауды бастады. Артынан оған Еуразиялық банк пен Halyk bank қосылды. Бүгін Forte bank өтініш қабылдауды бастайды деген жоспар бар. Жалпы, бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінеді.
20 мамырда Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама іске қосылған төрт күн ішінде бөлінген мемлекеттік лимит таусылып қалған. 16 мамырдан бері 9 мың өтінім қабылданды. Банк келесі транш бөлінгенде өтінім қабылдауды қайта іске қосатынын мәлімдеді.
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему