Ақтау қаласы ішкі істер басқармасының үздік тәртіп сақшылары марапатталды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы ішкі істер басқармасының үздік тәртіп сақшылары марапатталды

14 Декабря 2016 (14:54) | 2390 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейлі мерекесін тойлау қарсаңында Ақтау қалалық ішкі істер басқармасында 14 желтоқсан күні атаулы датаға арналған салтанатты жиын өтті.

         Шараға қалалық ІІБ басшылары және жеке құрамы түгел жиылып, залға мемлекеттік ту енгізілді, әнұран орындалды. Жеке құрамға Ақтау қалалық ІІБ басшысының бұйрығы оқылып, мерейлі мерекеге орай қызметте жетістіктерге жеткен бірқатар тәртіп сақшылары мақтау қағазымен мадақталды.

         Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Гайсина Раушан Бекболатқызы 10 шақты полиция қызметкеріне грамоталарды табыстады.

         -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Ақтау қалалық ІІБ басшысының бұйрығымен қызметтегі жетістіктеріне, жақсы көрсеткіштеріне қарай бірқатар тәртіп сақшылары басшылықтың бұйрығымен грамоталармен марапатталды.

Олардың қатарында криминалдық полиция, анықтау бөлімі, ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері және жүргізушілер бар.

Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуы жолында, халықтың игілігі үшін атқарып жатқан істеріне бүкіл қазақстандықтар болып жұмылып, солардың қатарында біздің тәртіп сақшылары да ел үшін қызмет етуде.

Еліміздің көркейіп, дамуы жолында еңбек етушілермен бірге полиция қызметкерлері де өз үлестерін қосуда.

Біз - тәртіп сақшылары әруақытта ел амандығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға әрқашан дайынбыз.

Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасында бақ-береке, молшылық, қуаныш, жақсылықтар көп болсын! Еліміз бай-бақуатты мемлекеттердің қатарында өсіп-өркендеп, әлемге таныла берсін! – деді Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Гайсина Раушан Бекболатқызы.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты. Концерт бағдарламасында әсем әндер шырқалып, өнерпаздар әуелеген әндер мен күмбірлеген күйден шашу шашты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему