Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

30 Ноября 2021 (13:24) | 2494 | Автор: Редакция

Санаулы күндерден  кейін  қастерлі еліміздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.

Сол кездегі дүрбелеңде бала болсақ та бәрі кеше ғана көз алдымызда болғандай, көзімізбен куә қылғандай едік... Бірақ, тарих көзімен қарасақ солай екені де баршаға аян. Әрине, 30 жыл  бір адамның ғұмырымен қарасақ, бұл – ұзақ мерзім. Жай ғана ойлап көрсек, осыдан отыз жыл бұрын дүниеге келген нәрестелер күні бүгінде-ақ «Орда бұзар отыздың» биігіне шығып, біреулері ұрпақ жетілдіріп мектепке аттандырып жатса, енді біреулері ел өркендеуінің дамуына өз септігін тигізіп те үлгеруде.

Міне... Уақыт дейтін құдіреті шексіз күшті ұғымның адам санасына жүргізіп жатқан ықпалы орасан зор. «Уақыт – бәріне емші»-деген кең ауқымды ұғым болған-ды. Бүгінде сол ұғымның 1986 жылдардағы белең алған  қайғы-қасіреттерге толы жылдарға ем болғаны болғаны дүйім жұртқа мәлім.

Бұл күнде, міне, сол әйгілі «Желтоқсан оқиғасына» да 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, шыбын жандарын шүберекке түйіп, ұлт намысы үшін алаңға шыққан еді. Дәл осы күннен тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялаудың өзінің символдық мәні зор. Тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін ұғынсақ та, оны сезінудің мүмкін еместігін тайға таңба басқандай білетініміз рас. Бұл орайда азаттықтың алғашқы оғыландары – Ербол мен Қайрат бастаған ер жүректілерімізбен, Сәбира мен Ләззат қостаған ару қыздарымыздың азаматтық ерлігі кеңінен насихатталуы керек. Сонда ғана келер ұрпақтың жадында мәңгі сақталып, еркіндігіміздің қандай ауыр тарихпен келгенін сезіне алатын болады.

Тәуелсіздік жолында қаншама еңбек пен қаншама тер төгілді. Қаншама жанардан нөсерлеп жауған жауындар мен қанша боздақтың қанын жер ана өз бауырына сіңірді. Тек қана көңілге қуаныш ұялататын бір ғана сәт, ол – еңбектің ақталғаны, ауыр күндердің ұмыт болып, тұғырлы тәуелсіздік туының биікке көтерілгені.

Өз еркіндігімізді алып қана өркениетке қандай ел екендігімізді дәлелдеп, күн өткен сайын азуымызды бірте-бірте еңсесі биік елдерге де батыра алатыныз көрінуде. Тәлімі мол, тағылымы терең Тәуелсіздігімізге 30 жылдың толуын саналы түрде қорыта айтып бізге не бергенін жаһанға жария етіп жарыссақ та сын емес.

30 жылдың ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды.Алдымен "Қазақстан - 2030" стратегиясы басшылыққа алынды. Ал 2012 жылы "Қазақстан-2050" стратегиясы жарияланды. Соның аясында салалық бағдарламалар қабылдана бастады. Жалпы, тәуелсіздік жылдары біраз құжаттар қабылданды.

Негізгі бағдарламалар:

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы;

Бизнестің жол картасы;

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы;

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы;

"Рухани жаңғыру" бағарламасы (президенттің мақаласы негізге алынды);

Цифрлық Қазақстан

"Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағарламасы;

"Еңбек" бағдарламасы.

Бұдан бөлек, білім, денсаулық, ұлттық қауіпсіздік, экспорт, тіл саясаты, туризм, агроөнеркәсіп кешені, аймақтарды дамыту, жемқорлықпен күрес, дағдарысқа қарсы шаралар және тағы басқа маңызды бастамалар қолға алынды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды бағдарламалардың дәуірі өтті деп санайды. Сол себепті ондай құжаттарды ұлттық жобаларға айналдыруға тапсырма берілді. Осылайша, негізгі мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік болады.

Бүгінде Қазақстан-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет Қаржы министрлігінің Статистика комитетінің 2020 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша республика халқы 18,8 миллион адамнан асады. Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында.

Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды.Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.

Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді» демекші, Қазақстанның мемлекет болып, керегесінің кеңеюі жолындағы Елбасының дара көшбасшылығының маңызына айырықша тоқталды.

Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандығының сан ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Қазірде халқымыз өз мәдениетін, тілін, діні мен дәстүрін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Еліміздің әрбір азаматы ел тәуелсіздігін мақтан етеді. Еліміздің тәуелсіздігі - үш жүз жылға үзілген ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті иелігі екені белгілі.Біздің парызымыз - республикамыздың Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бағалау және құрметтеу. Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы біз біртұтас ажырамас отбасы мүшесі екенімізді сезінеміз. Бүкіл әлем бізді рәміздер нышандары арқылы таниды.Қазақстанның ең басты байлығы - ұзақ жылдар бойы жер бетінде салтанат құрып отырған Бейбітшілік екені мәлім. Елімізде мекендеген көптеген ұлттар мен халықтардың өз тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Сондықтан да барлық ұлттар мен халықтың өкілдерін достық пен түсіністік біріктіреді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқы Ассамблеясын» құру идеясы өте уақтылы әрі дана болған деп санаймын. Мұндай институттардың күш-жігерінің арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері өздерін жайлы және қауіпсіз сезінеді. Ұлтаралық келісімнің бұл бірегей моделі еліміздің экономикалық табыстарының қозғаушы күшіне, әлеуметтік, саяси және мәдени міндеттерді шешудің іргетасына айналды.

Елбасымыздың көрегендігінің арқасында 1992 жылы еліміздің Қарулы Күштері, құқықтық әскері, қауіпсізік пен құқық қорғау органдарының алғашқы алқалы жиындары өтіп, заңдары қабылданды. Тәуелсізідігімізге қол жеткізгеннен кейін, тура 26 күннен соң 1992 жылы 10 қаңтарда Елбасының Жарлығымен кешегі Ішкі әскері, бүгінгі Ұлттық Ұланы құрылды. Айтып өту керек, құқықтық тәртіп әскерлері күш құрылымдарының ішінде алғашқы болып құрылды. Алғашында Ішкі әскер болып құрылғанымен, кейіннен өз атауын Ұлттық Ұланға ауыстырды.

Содан қазірде Ұлттық Ұланымыз еліміздің барлық өңірлерінде құрылып Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық сынды өңірлік қолбасшылықтарды қамтып отыр. Бүгінде, міне, ел қорғау жолында қабылдаған антымыздың арқасында Отанға адал қызмет етіп келеміз. Қызығы мен қиындығы қатар жүрген  әскери қызметте біршама биік белестер мен асуларды асып, қызмет бабымен маған да Қазақстан Республикасы Ұлтық Ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөлімінің  командирі болу лауазымы бұйырыпты.

Бұл күнде Елбасымыздың қолдаумын құрылған Жаңаөзен қалалық әскери бөлімінің алатын орны ерекше. Қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің арқасында біршама тәртіпсіздіктер мен алаяқтық қылмыс көздері дер уақытында ауыздықталып, өз ошақтарында сөнуде.

Міне, осылай тұңғыш Президентіміз- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында Қазақстан деген ел өз алдына тәуелсіз болып, біршама айтулы деген елдердің қатарына көрініп жатты.

 Күні кеше Қазақстан деген ел барын білмейтін елдер бүгінде бізге қарап бой түзеуде. Бұл күнде жұмыр жердің беті ғана емес, асты да кенге, қазынаға толы біздің ел түсінгенге шалқып өмір сүріп жатыр десем артық айтпаған болар едім. Әр елдің бақыты биікте тұру үшін тұрақтылығы мен тыныштығы сақталуы керек деп білемін.

 Міне, бұл жолда біздің Ұлттық Ұланның жауынгерлері аянбай қызмет етіп келеді. Еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ел Президенті тұрақтылық пен тыныштықтың жолын ойластырып қойған еді. Өзімнің еңбек жолымда білікті, ел қорғауға әзір әскери қызметшілер дайындап шығарсам, Елбасымыздың ұстанған саясатын қолдай отырып, ұлтымыздың бейбіт өмір сүруіне сәл де болса өз үлесімді қоса білсем мен үшін одан асқан бақыт жоқ болар еді.

 Біздің Ұлттық ұланымыз бүгінде күннен-күнге, жылдан-жылға дамып, қарқынына қарқын қосып, өз тарихын тереңдете түсуде. Бұл күндері тарихтың ақ парақтарының сарғайғанын бәрі білсе де, ол күндердің мәңгі есте сақталатынына ешкім шүбә келтірмесі анық.

Ұлттық Ұланның ел ертеңіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенемін. Ел үмітін ақтап келе жатқан ұландық сарбаздарымыз «ел қорғаймын», «жер қорғаймын»-деген ниетінен таймай, мәңгілік елдің мәртебесін асқақтатып, «Ұлттың ұланы», «Ұлттық Ұлан» денген аттарға ие бола берсін!

Біз осы жылдар мен жолдарда қандай ғұмыр жолдарын кешсек, барлығы тұңғыш Елбасымыздың сарабдал саясаты мен көрегендігінің нәтижесі деп білемін.

5548 әскери бөлімінің командирі

подполковник     Санат Табетов,   Жанаөзен.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему