Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартады

13 Декабря 2016 (10:24) | 2906 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстан мұнай өндіруші елдермен жасасқан келісім бойынша өндіріс көлемін тәулігіне 20 мың баррельге азайтады деп хабарлады бүгін энергетика министрлігі.

 

10 желтоқсанда Венада мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) және оған кірмейтін елдер (Әзербайжан, Бахрейн, Боливия, Экваторлық Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Оман, Ресей, Судан және Оңтүстік Судан) министрлерінің жиыны өткен. Онда мұнай өндірісі көлемін азайту туралы ортақ келісім жасалған.

 

Келісім бойынша, ОПЕК елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін азайтып, тәуліктік норманы 32,5 миллион баррельге түсіреді. Ұйымға кірмейтін елдер өндірісті 558 мың баррельге дейін азайтады. Келісім келесі жарты жылдықтың соңына дейін күшінде болмақ.

 

Қазақстан келісім бойынша өндіріс көлемін қарашада өндірген мұнай көлемінен азайтпақ. Қазақстан қарашада 1,7 миллион баррель мұнай өндірген.

 

Министрлік 20 мың баррель мұнай Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы кеніштерінде өндірісті қысқарту есебінен азайтылатынын, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштерінде өндіріс көлемі азаймайтынын айтады.

 

Келісімге сай, Ресей тәуліктік өндіріс көлемін 300 мың баррель, Мексика 100 мың баррель, Әзербайжан 30 мың баррель, Малайзия 20 мың баррельге азайтуға міндеттеме алған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему