Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу тиімділігі
21 Мая 2018 (08:57) | 2985 | Автор: Нурганым Имашева
Өз құқығы бұзылды деп есептеген еліміздің әрбір азаматы, сотқа бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін арыз келтіруге құқылы. Бірақ, сотқа талап арыз берілгенімен, тараптар арасында туындаған дау тек қана сот шешімімен аяқталуы тиіс дегенді білдірмейді.
Бүгінгі күні елімізде тараптар арасында туындаған дауды өзара шешуге барлық мүмкіндіктер жасалған, бұрыннан азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес, тараптар дауды бітімгершілік келісіммен аяқтауға құқылы болса, биылғы жылдан бастап елімізде медиация туралы Заң күшіне енді.
Сөйтіп бұдан былайғы уақытта ортақ шешімге келе алмаған тараптарға медиация заңы көмектеседі. Істің сотта қаралу барысында тараптар істі бітімгіршілік келісіммен немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.
Ал, бұндай тәртіпте сот ұйғарымымен бекітілген, бітімгершілік келісімнің немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің сот актісі ретінде заңдық күші болады және ол кейіннен тараптардың біреуінің арызы бойынша мәжбүрлеп орындатуға жолдануы мүмкін.
Сондай-ақ, тараптардың арасындағы даудың жоғарыда көрсетілген реттерде шешілуі қоғамдағы шиеленістерді болдырмауға, адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың сақталуына өз әсерін тигізеді.
Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдер медиация әдісін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі.
Сондай-ақ, ол медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, дербес, өзара қолайлы шешімге келеді, даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты, медиацияда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі анықталмайды. Республикамызда медиация институтының дамуына қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
А. Бөлекбаева
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы
Суреттер Zanmedia.kz, mediacia.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему