«Пәтер әперемін» деп алдаған алаяқ
11 Декабря 2016 (16:45) | 1839 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында алаяқтық дерегімен іс қаралды.
Ақтау қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (алаяқтық, яғни бөтен мүлікті жымқыру немесе алдау не сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену арқылы ірі мөлшерде бірнеше рет алу) А-ға қатысты сот үкімі шыққан.
Сотталушы А. жәбірленушілер М. мен Ж-дан қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жымқыру, сенімді теріс пайдалану жолымен, бөтен мүлікке құқықты иемдену арқылы, ірі көлемде пайда табу мақсатында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы тез арада пәтер алып беруге көмектесемін деп сендіріп, әрқайсысынан 1 000 000 теңге ақшаны алдап алған. Нәтижесінде, сотталушы А. жәбірленушілер М. мен Ж-ға 2 000 000 теңге материалдық шығын келтірген. Сотталушы А. кінәсін мойындап, шын көңілден өкініп, сотқа дейін жәбірленушілерге келтірген шығынды ішінара қайтарған.
Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы А.-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданумен сол мерзімге шартты жаза бекітіліп, пробациялық бақылау белгіленген. Сотталушы А-дан жәбірленуші М-ның пайдасына қалған 800 000 теңге, жәбірленуші Ж-ның пайдасына қалған 700 000 теңге өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында жәбірленушілер М. мен Ж-ның апелляциялық шағымдарындағы келтірген уәждері негізсіз деп саналып, сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему