Ақтаулық жауынгерлер үздік мергендер сайысында жүлделі орынға ие болды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жауынгерлер үздік мергендер сайысында жүлделі орынға ие болды

28 Марта 2023 (15:39) | 1403 | Автор: Редакция

2023 оқу жылының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес еліміздің Құрлық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелері арасында "Мергендер батальоны" жарысы өтті. 

Қарулы күштердің полигондары мен оқу орталықтарында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоса алғанда, бөлімшелердің жеке құрамы штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау және оқу ату жаттығуларын, сондай-ақ атыс даярлығы мен әскери топография нормативтерін орындады.

Жеңімпаздар екі номинация бойынша анықталды. Оның біріншісі механикаландырылған, танк, десанттық-шабуылдау, шабуылдау, теңіз жаяу әскері құрамаларының мотоатқыштар, десанттық-шабуылдау механикаландырылған, танк, және шабуылдау батальондарының, екіншісі механикаландырылған, танк, шабуылдау және теңіз жаяу әскері құрамаларының танк батальондарының арасында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша мотоатқыштар (десанттық-шабуылдау) батальондары арасында бірінші орынды Өскемен гарнизонының 2 мотоатқыштар батальоны, екінші орынды Қарағанды гарнизонының 1 мотоатқыштар батальоны, үшінші орынды Қонаев гарнизонының 2 десанттық-шабуылдау батальоны иеленді.

Танк батальондары арасында бірінші орынды Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасының танк батальоны, екінші орынды Аягөз гарнизонының 1 танк батальоны, үшінші орынды Шымкент гарнизонының танк батальоны иеленді.

Құрамында әскери басқару органдарының, Құрлық әскерлері мен әскери-оқу орындарының тәжірибелі офицерлері болған төрешілер алқасы бөлімше командирлерінің кешенді атыс міндеттерін шешу дағдыларын игеру деңгейін және әскери қызметшілердің далалық дағдыларын бағалады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему