Абайсызда қазаға ұшыратқан
5 Декабря 2016 (19:06) | 5256 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігімен (Абайсызда қазаға ұшырату ) Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ақтау қаласы 31 «б» шағын аудан көлемінде жаңадан салып жатқан алты қабатты тұрғын үй кешенінде жұмысшы болып жасайтын сотталған «Е» өз міндетін атқару кезінде құрылыс қоқыстарын жинастыру мақсатында қоқыстар мен тас қалдықтарын терезеден төменге қарай лақтырған. Сол кезде осы құрылыс орнында сантехник болып жұмыс жасайтын жәбірленуші У.-дың басына абайсызда бесінші қабаттан лақтырған тас кірпіш түсіп, тиген. Жәбірленуші алған дене жарақаты салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болған.
Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы Е. ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Сот үкіміне апелляциялық наразылық келтірген прокурор соттан сот үкімін өзгертіп, сотталғанның жазасын өтеу орнын түзеу колониясынан қоныс колониясына ауыстыруды сұраған.
ҚР ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігінің 1-тармағына сәйкес абайсызда жасаған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға жазасын қоныс колониясында өтеу көзделген. Осы себепті қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот үкімін өзгертіп, сотталушының жазасын өтеу орнын қоныс колониясына ауыстырған.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему