Маңғыстауда әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 23:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті

15 Ноября 2022 (19:29) | 1248 | Автор: Редакция

 Бұл жолы әдеп кеңесінің мәжілісінде жалпы 3 мәселе талқыға салынды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің тексеру қорытындысы бойынша Қызылтөбе ауылдық округінің лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік іс қаралды.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жинақталған ақпараттарды зерделей келе, тәртіптік теріс қылықтың орын алынғанына дәлелдер жеткілікті деп тауып, лауазымды тұлға өзінің лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін тәртіптік шарасы қабылдануы тиіс деген шешімге келді.

 

Осыдан кейін, 2021 жыл және 2022 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының есебі тыңдалды.

Қарау нәтижесінде, кадр тұрақсыздығын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, өткен кезеңдермен салыстырғанда әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы жүктелген тұлғаның жұмысы әлсіруіне байланысты, осы бағытта жұмыстарды одан әрі жандандыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын кеңінен насихаттау және анонимдік сауалнама нәтижесінде төменгі деңгейдегі көрсеткіштер бойынша нақты жоспар бекіту сияқты жұмыстарды жүргізу ұсынылды.

 

Кеңес соңында, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелерін сақтау деңгейін анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг нәтижелері талқыға салынды.

 

Талқылау қорытындысында соңғы кезде жағымсыз жарияланымдардың көбейгендігі, БАҚ-да сыни жарияланымдар шыға салысымен оларға қатысты тиісті мемлекеттік органдар тарапынан дер кезінде қарымта хабарлар берілмейтіндігі ескерілді.

Бұл жағдай орын алған оқиғаларды оқырмандардың жаңсақ қабылдап, негізсіз қорытындылар жасауына және мемлекеттік органдардың атына теріс әсер етуіне әкеп соғуы мүмкін.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему