Экологиялық заңнаманы бұзған үшін айыппұл салынды
20 Марта 2019 (16:14) | 1596 | Автор: Нурганым Имашева
Аумақтық экология департаменті «Каспий жылу-су арнасы» («КЖСА») МКМ-нен 450 077 877 теңге қоршаған ортаға келтірген зиянды өндіру туралы талап арызбен Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.
Бұл мән-жайлар Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасымен жүргізілген тексеру барысында анықталған.
Сот отырысы барысында «КЖСА» МКМ-нің 2015-2017 жылдар аралығында Ақтау қаласының жоғарғы шағынаудандарының ағынды суларын тазаламай және атмосфераға шығындарға рұқсат алмай «Кошқар –Ата» қалдық қоймасына төгіп келгені анықталды.
Сот талап арызды қанағаттандырып, «КЖСА» МКМ-нен мемлекет пайдасына 450 077 877 теңге өндірді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айгүл Борашева
Маңғыстау облысы мамандандырыған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Сурет «Тумбанын» мұрағатынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему