Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді

28 Января 2020 (08:41) | 2961 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Айнабек Жасұлан Қуатбекұлының мәлімдеуінше, «Ағымдағы жыл  басталғалы Ақтау қаласының аумағында  автокөлікте  2  өрт оқиғасы тіркелді, ал 2019 жылдың қорытындысы  бойынша автокөліктегі 30 өрт оқиғасы тіркелген».

 

 

-Осыған байланысты Ақтау қалалық автокөлік иелеріне  өрт қауіпсіздігі Ережесін сақтау бойынша нұсқаманы ұсынамыз.

 

Әрбір автокөлікте өрт сөндіру құралы болуға тиіс, бірақ, көлік иелері оны Жол полициясынан көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана есіне алады. Көліктегі өрттің көбіс  автокөлік иелерінің кінәлерінен болады.

 

Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне алып келуі мүмкін,-деген Жасұлан Қуатбекұлы: «Төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударыңыз, ол Сіздің автокөлігіңіздегі өрттің алдын алуға септігін тигізері анық:

 

- қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған машинаның қозғалтқышына ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес;

 

- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядттауға болмайды;

 

- көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;

 

- көліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;

 

- автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет;

 

- автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.

 

Егер, көлік өртенсе не істеу керек?

 

- автокөліктің жылдамдығын арттырып, өртті сөндіремін деп ойламаңыз;

 

- машинаны өшіріп, қолдан-балы тежегішке қойыңыз;

 

- жолаушыларды дереу көліктен шығарып, өрт сөндіру қызметіне 101 нөмірі арқылы хабарлаңыз. Өрттің шығу көзіне қарап, оның қауіптілігін бағалай беріңіз. Егер, өрт жанармай құятын бак жақта болса, онда жағдай өте қиын. Ондай жағдайда қасыңыздағы адамдармен бірге машинадан аулаққа қашып, қауіпсіз жерге тығылған дұрыс, себебі өртеніп жатқан көлік кез-келген секундта жарылуы мүмкін.

 

Капотты ашқан кезде от ұшқындарынан сақ болыңыз. Капотты ашар кезде қолыңыз күймес үшін шүберекті пайдаланыңыз. Бетіңізді шоқтан қалқалаңыз. Өрт сөндіру құралын жалынның ошағына бағыттап, шашыңыз. Егер, өрт сөндіру құралы болмаса, басқа қолда бар құралдарды: құм, қар, су, брезент немесе өзге де материалдарды (курткалар, тыстар және т.б.) қолданыңыз.

 

Машинаның сұйықтығы ағуы салдарынан болған өрт кезінде, ең алдымен жанып жатқан сұйықтықты, сосын барып көлікті өшіріңіз. Өзіңіздің жеке басыңыздың қауіпсіздігін де ұмытпаңыз. Қолыңызбен жанармайды ұстаған болсаңыз, үстіңізге жанармайдың буы сіңген болса, өзіңіз де өртеніп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, сасқалақтамай, сабырлық пен сақтық танытқан жөн»,-деп ескертеді..

 

-Құрметті автокөлік иелері! Көлігіңіздің бұзылмай, Сізге ұзақ қызмет етуі үшін, көлігіңіз өртеніп, материалдық шығынға батпас үшін, көлігіңізді барынша күтіп ұстаңыз. Естеріңізде болсын! Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөмірі арқылы Өрт сөндіру қызметіне хабарлау керек!-дейді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жасұлан Айнабек.

 

Суретті ұсынған Жасұлан Айнабек

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему