Жергілікті полиция басшылары халыққа есеп беруде
26 Ноября 2016 (09:34) | 4308 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) бастығы Амангелді Халмұрадов және Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарының Жергілікті полиция қызметі бастықтары халық алдында есеп беру кездесулерін өткізді.
ҚР Үкіметі бекіткен «Жергілікті полиция қызметі» туралы Ержесіне сәйкес, ЖПҚ бастықтары жылына 2 рет жергілікті билік пен Мәслихат алдында, 1 рет халық алдында атқарған жұмысы туралы есеп беруі тиіс.
Мұндай кездесулерді облыстағы барлық деңгейдегі Жергілікті полиция қызметі бастықтары өткізуде. Есеп беру кездесулеріне аудан тұрғындары мен белсенділері, жергілікті билік пен Мәслихат депутаттары, Ардагерлер және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысуда.
Есептік кездесулерде ең алдымен аудандық ЖПҚ бастығы жыл басынан атқарған жұмысы туралы баяндаса, облыс көлеміндегі жүргізілген іс-шараларға Маңғыстау облысының ЖПҚ бастығы Амангелді Халмұрадов тоқталып өтті.
Жергілікті полицияға жүктелген негізгі мақсат - міндеттерге – құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, халықпен етене жақын, бірлесе қызмет ету болып табылады.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Амангелді Халмұрадов келтірген деректерге тоқталатын болсақ:
- Маңғыстау облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің штаттық құрамы: барлығы – 1020,5 бірлік.
- Ағымдағы жылдың 10 айында ЖПҚ қызметкерлерімен 135 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталса, оның 106 мыңға жуығы жол қозғалыс ережесін сақтамау бойынша тіркелген.
- Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша, ізін суытпай ашылған қылмыстардың саны өсті, жол-патрульдік полициясының күшімен (16,2%-ға, 625-тен 726-ға), учаскелік инспекторлармен (7,6%-ға, 777-ден 836-ға) және ювеналды полиция иснпекторларымен (23,8%-ға, 235-тен 291-ге).
- Облыс бойынша 600-ден аса адам қоғамдағы құқықтық бағыттағы тәртіпті қалыптастыруда белсенді үлес қосуда. Олар, студенттік-жастар жасағы (барлығы 8 жасақ, құрамында 52 студент бар); қоғамдық қауымдастықтар (барлығы 86 қауымдастық, құрамы 726 мүшесі бар) және қозғалыстың жас инспекторлары жасағы. Полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 18 қылмыс ашылып, 636 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. 86 азамат 1 804 060 теңге көлемінде ақшалай марапатталды
- Учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп берулері жолға қойылып, өткізілді. Енді, бұл - міндеттілік заң аясында жүктеледі. Жыл басынан бері облыс көлеміндегі учаскелік полиция инспекторларымен 430 рет (қатысқан тұрғын саны - 14 248 тұрғындардың қатысуымен, сұрақтар мен ұсыныстар саны - ) халық алдында есеп берілді.
- Учаскелік және мектептегі полиция инспекторларының танымалдылығы үшін, облыс бойынша 65 мың дана ақпараттық парақшалар ілінді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 50 мыңға жуық қызметтік тілхат таратылды.
- ЖПҚ бастамасымен ағымдағы жылдың ішінде «Сәлеметсіз бе, Мен – Сіздің учаскелік инспекторыңызбын!» және «Учаске» жедел профилактикасы іс-шарасы өткізілуде, іс-шара шеңберінде, қызметкерлеріміз тұрғындармен үйлеріне барып танысып, тілек-талаптарын тыңдады. Барлық ақпараттар арнайы жасақталған ведомостке енгізілді. Бұл арқылы, тұрғын-жайлардағы азаматтар, жалға пәтер берумен айналысатын тұлғалар, үй жағдайында сақталатын қарулар жайындағы мәліметтер қолжетімді болып отыр.
- Ұлт Жоспарының 30-қадамын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті атқару биліктен ЖПҚ-ға 792 дана бейнетіркегіш құрылғылары алынды. Жыл басынан бері анықталған 105 мың 007 жол жүрісі Ережесін бұзушылықтың 67800 дерегі бейнетіркегіштерге түсіріліп, соған сәйкес көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әрбір орын алған құқық бұзушылықты бейнетіркегішке түсіру арқылы анықтау мақсатында, ЖПҚ-не осындай құрылғыларды қосымша алуға жұмыстанудамыз.
- Пәтер иелері кооперативтерімен (ПИК, орысша.- КСК) тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Өйткені, осы кооперативтер өздері қамтитын үйлердің тұрғындары жайында жақсы біледі.
- Бұқара мен әкімдіктердің қолдауымен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында «Қауіпсіз аула» жобасы қолға алынып, бейне-бақылау құрылғылары арқылы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізу қолға алынуда. Қажеттіліктерді қамтамасыз етуге 53 млн-нан астам теңге бөлінді. «Қауіпсіз аула» тәсілі жоғарыда көрсетілген екі қалада 13 аулаға енгізілмек, шамамен 140 бейне-бақылау камерасы орнатылмақ. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға таяп келеді.
- Және бір айта кететін мәлімет, ЖПҚ-не 3 дана «СКАТ» қондырғысы сатып алынды. Бұл – құрылғының көмегімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол ережелерін сақтамайтын көлік иелерін жауапқа тартуда қосар үлесі зор.
Мақсатты бағытталған жұмыс нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны -18,6%-ға (322-ден 262-ге), жолда қаза болғандар -4,2%-ға (71-ден 68-ге) және жараланғандар саны -20,6%-ға (417-ден 331-ге) төмендеді.
Жол-патрулдік жасағымен 10 айда 105 мыңнан аса жол-қозғалыс ережесін (ЖҚЕ) бұзушылық және 33 мыңға жуық құқықбұзушылық қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында анықталды.
ЖПҚ жұмысын ақпараттандыру мен қызметтің имиджін көтеру мақсатында, облыс әкімдігінен қоғаммен байланыс және баспасөз қызметіне 1 маман бөлінді. Облыс әкімдігінің қолдауымен «Метрополитан Бизнес мектебі» халықаралық академиясы базасында курс жұмысы өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 200 қызметкер «ЖПҚ қызметкерінің жеке тиімділігі, қызметкердік коммуникативтік және психологиялық аспектісі, персоналмен жұмыс, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік, ЖПҚ қызметін құқықтық реттеу, қоғамдық бақылау, халықпен және БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас» бағдарламасында білімін жетілдірді.
- Қорыта айтқанда, облыста Жергілікті полиция қызметін құру турасындағы сұрақтар толықтай өз шешімін тауып келеді.
Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша, жергілікті билік пен аудан тұрғындары Жергілікті полиция қызметінің 10 айлық жұмысына оң баға берді. Тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар түсті, оның ішінде аудандарда жол-патрулдік полициясы инспекторларының бөлімшесін ашу және мал ұрлығын, өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алуда тұрғындар, белсенділер мен қоғамдық ұйымдардың үлес қосуы сұралды.
Есептік кездесулер алдағы уақытта Бейнеу, Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен, Ақтау қалаларында жалғасын таппақ, - дейді Бауыржан Әнуарбек - Маңғыстау облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қоғаммен байланыс маманы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему