Ақтаулық дәрігерлер Өмірзақ кентінің оқушыларымен кездесті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 07:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық дәрігерлер Өмірзақ кентінің оқушыларымен кездесті

17 Ноября 2014 (05:52) | 2546 | Автор: Redactor

 

Жуырда жария етілген Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бағыт» атты жаңа Жолдауын насихаттауға өз үлестерін қосуды мақсат еткен №1Ақтау қалалық емханасының бір топ медицина қызметкерлері мен «Мейірімді Ақтау» қоғамдық қорының мамандары Өмірзақ кентіндегі №27 орта мектептің оқушыларымен кездесті.

 

Ақ желеңді абзал жандар бүгінгі таңда қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер-темекі шегуден келетін кеселдер мен өзге де әлеуметтік сырқаттарға себепші болатын зиянды әрекеттердің салдары туралы оқушыларға бейнефильмдер көрсетіп, аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы жайлы ақпараттық парақшалар таратты.

 

Дәрігерлер бұдан бұрын мұнда скринингтік тексерулер жасап, жас өрендердің денсаулығын тексерген болатын.

 

Аталмыш шараға қатысқан жасөспірімдер терапевті Алибекова Мадина Назруллақызы, ювинолог Сафарова Светлана Ізтұрғанқызы, психолог Қобланова Айнагүл Нұрмұханқызы, №1 Ақтау қалалық емханасының профилактика бөлім меңгерушісі Кулпибаева Жанар Рақымқызы өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыра отырып, салауатты өмір сүру қағидалары туралы дәрістер оқыды, оқушылар арасында сауалнамалар жүргізіп, пікірталастар ұйымдастырды. Балалар өз тарапынан дәрігер-мамандарға сауалдар қойып, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты тұшымды жауаптар алды.

 

 

Медицина қызметкерлері оқушыларға: «Бүгінгі күні ауру-сырқаушылық пен өлім-жітімнің негізгі себебі-созылмалы, жұқпалы емес аурулар екені бәрімізге белгілі. Көптеген қауіп-қатер факторлары адамның өмір сүру салтына байланысты пайда болады. Қауіп-қатер факторлары (темекі шегу, артық салмақ, дене жаттығуларының жеткіліксіз болуы, тұқым қуалаушылық факторлары) көптеген әлеуметтік маңызы бар сырқаттардың пайда болуына себепкер болады.

 

Ауру-сырқаушылықтың деңгейі тек дәрілік заттарды және де күрделі емдеу әдістерін қолданып қана төмендетілмейді, ол сонымен қатар «Ауырып-ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығындай әрбір адамның өз денсаулығы мен өміріне немқұрайлы қарамай, салауатты өмір сүруіне тікелей байланысты»,-деген пайдалы кеңестерін берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему