Өңірде құны 111,0 млрд. теңге болатын 17 жоба іске асады
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңірде құны 111,0 млрд. теңге болатын 17 жоба іске асады

28 Апреля 2020 (11:05) | 1564 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық  инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров мәлім етті.

 

 

-2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 105,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға артық        (2019 жылғы қаңтар-наурыз –  81,0 млрд. теңге). НКИ – 127,6%.

 

Облыс бойынша осы жылы экономиканың түрлі салаларында 17 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте 1200-ден астам жұмыс орныны құрылмақ.

 

Алайда, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, көптеген жобалардың іске қосу күндеріне түзетулер енгізілмек. Кейбір жобалардың кешіктірілуі - шетелдік жұмыс күшінің келуіне байланысты,-деп мәлімдеді Т.Әбдіқадыров.

 

Мысалы:

  1. цехы (жобаның құны – 1,1 млрд. теңге, 300 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: цехтар құрылысы соңғы сатыда, инженерлік желілер жүргізілді, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қалды, жабдықтар (станоктар) сатып алынды, бірақ жұмыстарды толық аяқтау үшін Сингапурдан 3-4 маман келу керек.

  1. (жобаның құны-86,6 млн. теңге, 35 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған);

Ағымдағы жағдай: Бүгінгі күні шағын зауыттың құрылыс жұмыстары аяқталды, жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары қалды. Қазіргі уақытта соңғы іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін жабдықты жеткізу туралы келісім-шарт жасалған Тәжікстаннан компаниясының қызметкерлерін күтуде. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты (коронавирус пандемиясы) Тәжікстан азаматтарының келуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

  1. (жобаның құны – 21 400 млн. теңге, 40 жұмыс орны, іске қосу мерзімі 2020 жылдың 4 тоқсаны);

Ағымдағы жағдай: қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары жалғасуда, іргетасты қалау, бағаналар мен металл құрылымдары салынуда, сонымен қатар қосымша цехтар құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарды жалғастыру үшін Қытайдан 30 маман келуі күтілуде.

 

Өтініш берушілердің мәліметтері бойынша, 17 жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына дейін күтілуде (коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты оптимистік болжам кезінде)

 

Карантиндік режим біткеннен кейін алдағы ұақытта (2-3 ай)                      5 жобалар іске қосуға жоспарлануда ("OSS Kazakhstan" ЖШС, "Сталелитейный центр" ЖШС, "Aktau Tourism City Ltd" , "Орда "өндірістік компаниясы" ЖШС, "Оралмұнайпром" ЖШС).

 

Сурет қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему