Өңірде «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясы мәресіне жетті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 17:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңірде «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясы мәресіне жетті

23 Апреля 2017 (18:48) | 2231 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облыста аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен 20 наурыз-20 сәуір аралығында «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясы жарияланған болатын.

Сауабы мол іске облыстағы мекемелер, этномәдени бірлістік өкілдері, кәсіпкерлер белсене қатысты. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, қарттар үйінің тұрғындарына, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.

Сондай-ақ елді мекендер абаттандырылып, тал көшеттер отырғызылып, қоршаған ортаны қорғау шаралары ұйымдастырылды. Қайырымдылық шара «Достық үйінде» өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Кеште жергілікті өнерпаздар мен өңірдегі этномәдени бірлестіктің өкілдері өнерлерін көрсетіп, жиылғандардың ң көңілін көтерді.

-Жылы алақанның лебін жүректерге жеткізге білсек, жанымыздағы көмекке мұқтаж жандарды қолдап, қамқорлай білсек, ол жерде бірлік те елдік те бар. Бірде Елбасы қатысқан Ассамблеяның сессиясында Жәнібек атты азамат мінберге көтеріліп, өзі қазақ болғанымен, кеудесінде ұлты орыс донор әйелдің жүрегі соғатынын, ота жасаған кәріс ұлтының өкілі екендігін айтты. Сол кезде Елбасы Жәнібектің өмір сүруіне мүмкіндік беріп, аналарының жүрегін донор болуға рұқсат еткен балаларына ризашылығын білдіріп, «Сіздердің аналарыңыз тірі. Өзі жоқ болса да, жүрегі қастарыңызда соғып тұр» деген болатын.

Осыдан асқан қандай қайырымдылық болуы керек?! Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап бірлік пен елдікті күн тәртібіне қойып, халықтың қолдауымен жасап шықты. Соның арқасында еліміздің туы әлемдік ареналарда желбіреді..

.Өңірімізде осындай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, оны баршаңыздың қолдап, атсалысқандарыңызға ризашылығымды білдіремін,-деді шарада сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Кеште қайырымдылыққа арналған жәшік қойылды. Жәшікке түскен қаражат арнайы құрылған комиссияның шешімімен акция барысында анықталған көмекке мұқтаж жандарға тікелей көмек көрсетуге жұмсалады. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің пәтерлерін күрделі жөндеуге, есепте тұрған азаматтарды қажетті дәрі-дәрмекпен, шұғыл жәрдемді қажет ететін азаматтарды және нәрестелерді қажетті тұрмыстық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге беріледі.

-Дана халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Сондықтан да аймағымызда облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен «Наурыз мерейі» деген атпен қайырымдылық акциясының жарияланғанын басылым беттерінен оқып, біздің «Air Astana» әуе компаниясының ұжымы да бір кісідей атсалысуды жөн санады.

Ұжым болып қаражат жинап, қаржылай көмек көрсеттік. Қайырымдылық жасау - әрбірі азаматтың міндеті, сондықтан да мұндай

игі шара біздің ұжымда жалғасын табады,-дейді Ақтау қаласындағы «Air Astana» әуе компаниясының жолаушыларға жерде қызмет көрсету департаменті менеджерінің міндетін атқарушы Аршат Бекжанова.

Қайырымдылық айы ішінде өткізілген іс-шараларға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық және қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, меценаттар мен «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері атсалысты.

-Қайырымдылық шарасы аясында 10 отбасыны қанатымның астына алып, қамқорлық көрсеттім. Ардагерлердің үйлеріне барып, наурыз мерекесімен құттықтап, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды сатып алып бердім. Одан бөлек, дәрі-дәрмектерді табыстадым,-дейді облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев.

Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-сі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, 30-дан астам ардагерлер мен көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне барып, экспресс-әдіспен қан тамырларын тексеріп, ағзадағы қант диабетін анықтаған. ЭКГ-ға түсіріп, қан қысымын өлшеген. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, 5 жерде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізген.

-Облыстық денсаулық басқармасы мен оған қарасты мекемелер де қайырымдылық шарасына белсене атсалысты. Қайырымдылық жасау-әр азаматтың парызы деп есептеймін. Сондықтан да мекемелер арасында ақша жинадық, оны бүгінгі шарада жүрегін алмастыру отасын күтіп отырған азаматтың отбасына табыстаймыз.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері қайырымдылық шарасы аясында 21 сәуір күні «Дәрігер мейрімі» атты «Жайдарман» қайырымдылық ойынын өткізді. Шарадан түскен қаражат Бейнеу ауданының тұрғыны, мүгедек бала Балғынбек Бахтияровтің еміне жұмсалады

Одан бөлек 26 сәуір күні өнерлі ақ халатты абзал жандардың атсалысуымен концерт өтеді. Түскен қаражат екі мұқтаж отбасыға табысталады,-дейді облыстық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева.

Шараны ұйымдастырушылардың мәліметінше кеш барысында қайырымдылық жәшігіне 743 мың 700 теңге қаражат түскен.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему