Маңғыстау облыстық прокуратурасында Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаевамен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 14:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық прокуратурасында Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаевамен кездесу өтті

5 Июля 2017 (12:22) | 2089 | Автор: Нурганым Имашева

Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева жұмыс сапарымен Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Облыс прокурорының орынбасары Асқар Досекенов прокуратура ұжымына арнайы келген Балайым Кесебаеваны таныстыра келе, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын атап өтті.

 

Кездесу барысында, Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Конституцияның 83-бабы мен «Прокуратура туралы заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып өтті.

 

 

Сонымен қатар, «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» Елбасы Жолдауының 27-ші қадамы жеке меншік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту қажеттігін де айтып кетті.

 

Жаңа Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар барлық қызметкерлер арасында зерделеніп, оқылып жатқаны және жаңа Заң талаптарының орындалысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс прокурорының аға көмекшісі М.Көшбаев пен Түпқараған ауданының прокуроры А.Абдуллаевтың баяндамалары тыңдалды.

 

 

Кездесу соңында, Асқар Досекенов прокуратура туралы Заңын іске асыруға жеке қызығушылығы үшін, өзінің және облыс прокуратурасының ұжымы атынан Балайым Кесебаеваға алғыс білдірді.

 

«Біз бірге жұмыла әрекеттенсек, аймақтағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін нығайтуда үлкен нәтижелерге қол жеткіуге болады деп сенемін» – деп сөзін аяқтады.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему