Cот жүйесін жаңа деңгейге көтеру парыз
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Cот жүйесін жаңа деңгейге көтеру парыз

7 Февраля 2018 (16:29) | 1797 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде сот төрелігін атқарудың қазіргі кезеңдегі жай-күйі туралы сөз етер болсақ, соттардың қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі перспективалық міндеттері жетіп артылады. Бүгінде елімізде судьялардың саны артуда және олардың жұмысын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып отыр. Осыған байланысты қазақстандық судьялардың қызметі алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге көтерілуі тиіс.

 

 

Бүгінгі таңда республика бойынша Мемлекет басшысының VI судьялар съезіндегі тапсырмалары іске асырылуда, сот өндірісін жеңілдету, сот қызметінде төрешілдік рәсімдерді азайту жөнінде жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сот төрелігін атқару сапасын жақсартуға бағытталған шаралар атқарылуда. Сот төрелігін атқару үдерісіне араласудың алдын алу, сондай-ақ сот билігінің имиджін нығайтуға бағытталған өзге де мәселелерді қарастырған, сот билігінің тәуелсіздігі индексін көтеру жөніндегі іс шаралар жоспары Жоғарғы сот тарапынан әзірленіп,  өңірлерде жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, істерді қараудың сотқа қатысушыларға ыңғайлы тәртібін, бітістіру үдерістерін кеңінен қолдану мен заманауи технологияларды пайдалануды қарастыратын Азаматтық іс-жүргізу кодексінің жаңа жобасына қатысты жұмыстар еліміздің сот жүйесінде атқарылып жатыр. Елдің сот жүйесін әрі қарай дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар Елбасы тарапынан да үнемі беріліп отырады.

 

Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі 11 қадамы сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетуге және соттардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталғаны анық.

 

Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйеге көшу арқылы сот жүйесі оңтайландырылды және бұл реформа сот төрелігін жүзеге асыру мерзімін қысқартып, талап арыз түсірген уақыттан бастап сот шешімінің заңды күшіне енгенге дейінгі уақытын азайтады. Оған қоса, судьялық лауазымға үміткерлерді іріктеуге арналған біліктілік талаптары мен механизмі қатаңдатылды. Судьялардың лауазымына үміткерлерге бес жыл бойы сот процесіне қатысу міндеттелді.

 

Сот жүйесі үшін мамандарды даярлау мен оқыту кезеңі де үлкен маңызға ие. Оған жәрдемдесу үшін мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан сот төрелігі институты бөлініп алынды. Институттың Жоғарғы Соттың жанында қызмет етуінің арқасында, қызмет атқарып жүрген судьялар өз біліктіліктерін тұрақты түрде жетілдіріп отырады.

 

Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды дамытуға көп көңіл бөлініп, республика соттарында да сот процестерін аудио-бейне жазбалар жүйесі енгізіліп келеді. Ол сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді, сот процесі барысында тараптардың құқық бұзушылыққа баруының алдын-алып, барлық қатысушыларды тәртіпке шақырады. Ұлт жоспарында ұсынылған сот реформаларына сәйкес енді сот процестерін аудио-бейне жазбаға тіркеу міндетті болуда.

 

Адам мен азаматтың конституциялық құқығын шектейтін, барлық тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша құзіреттерді тергеу судьясына кезең-кезеңімен беру есебінен соттардағы айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

 

Азаматтық сот ісін жүргізуде азаматтық және экономикалық даулар бойынша істерге прокурордың қатысуы қысқартылды, осының арқасында сот рәсімдері қысқартылып, азаматтық істер бойынша істерді қарау шапшаңдығы артуда.

 

Реформа аясында инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізуді ендіру, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында ірі инвесторлардың қатысуымен дауларды қарау үшін инвестициялық алқа, шетелдік беделді судьялар мен заңгерлердің қатысуымен үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін Халықаралық кеңес, Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталық құру сияқты қадамдар қарастырылған.

 

Осы ауқымды реформаларды жүзеге асыру, отандық сот жүйесінің сапасын арттырып, жаңа деңгейге көтеретіндігі аян және халықаралық стандарттарға негізделген сот төрелігі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

Есеева Жадыра

Ақтау қаласы №2 сотының бас маманы

 

Cуреттер advokatura. kz  сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему