Аймақта 640 бастапқы кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс жасауда
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 23:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта 640 бастапқы кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс жасауда

14 Ноября 2016 (12:44) | 2059 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысымен танысу мақсатында орталыққа аймақ басшысының орынбасары Бану Нұрғазиева арнайы барып, ұйым қызметкерлерімен кездесіп, жиын өткізді.

 

Орталықтың мәжіліс залында өткен басқосуға облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков және аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысып, атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.

 

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабековтің айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 640 бастапқы кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Ұйым құрамында 75 704 адам мүше.

 

- Қазіргі таңда облысымызда мұнай, білім мен ғылым, денсаулық, темір жол, байланыс, ауылшаруашылық салаларында кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды. Олардың қатары жақында Маңғыстау облысының мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің кәсіподағымен толықты.

Жалпы, біздің облыста кәсіподақтар орталығының алғашқы ірге тасы 1973 жылы қаланған. Бүгінде өңірде кәсіподақ мүшелерінің 33%-ын жастар құрап отыр.

Сондықтан да облысымызда орталықтың ұйытқы болуымен аймақтағы жастардың басын бір арнаға тоғыстыратын «Келешек» жастар қанаты құрылды. Өткен жылы алғаш рет Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығы аймақта қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Тұрғындар кәсіподақтар орталығының қызметімен жақын танысып ғана қоймай, еңбек құқығына қатысты маңызды сұрақтарына білікті мамандардан, тәжірибелі заңгерлерден тегін кеңес алып жүр. Одан бөлек кәсіподақ ұйымының беделін көтеру, кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің ауызбіршілігін арттыру, шығармашыл ортаны қалыптастыру, талантты жастарды қолдау мақсатында жыл басынан бері біраз шаралар ұйымдастырды.

Өңірде алғаш рет кәсіподақ ұйымы қызметкерлері арасында «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойыны өтті. Кеш жүргізушісі ретінде Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен шақырылды.

Одан бөлек кәсіподақ ұйымы мүшелерінің арасында волейболдан жарыс, танымдық-өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды. Кәсіподақ ұйымы мүшелерінің білімін жетілдіру бағытында да біраз жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар алғаш рет жұмысшы жастар форумы және «Ұжымдық келіссөздер - еңбек дауларын шешудегі маңызды құралы» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деген Қайрат Жанабеков орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырды.

 

Орталық басшысының айтуынша, қараша айының соңғы аптасында аймақта кең ауқымда Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен форум өткізілмек. Одан бөлек Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мәдени-танымдық, спорттық шаралар да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ келер жылы ақпан айында республикалық деңгейде «Жайдарман» ойындарын өткізу жоспарланған.

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева орталықтың атқарған жұмыстарына оң баға беріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему