Маңғыстау облысы: Балаларға жаңа жылдық қауіпсіздік ережелері. Жаңа жылда өрт қауіпсіздігін сақтау
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы: Балаларға жаңа жылдық қауіпсіздік ережелері. Жаңа жылда өрт қауіпсіздігін сақтау

30 Декабря 2020 (10:04) | 2642 | Автор: Редакция

Жаңа жыл – барлығының сүйікті әрі көптен күткен мерекелерінің бірі. Жасыл сұлу шыршаның айналасындағы ойыншықтар мен ойындар балалардың есінде ұзақ қалады. Біз балалар қуанышты болады деп үміттенеміз. Мереке күндері үйде, қонақта және серуендеу кезінде абай болмасақ, бізді ең күтпеген қауіпті жағдайлар орын алатынын ұмытпайық.

 

 

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында үлкендер мен балалар үшін мерекелік апта жағымды әсерге айналады. Жаңа жылдық аптада ауруханаларда зардап шегуші ересектер мен балалар толы болады, ал жедел жәрдем шақыруларының саны кем дегенде үш есеге артады.

 

Бұл жерде тұрмыстық өрттің басты себебі – үй шыршасы және сапасыз, қараусыз қалған жылыту құралдары. Осындай қарапайымда, жай түсінікті қауіпсіздік ережелерді сақтайтындардың санының аздығы қынжылтатын жағдай.

 

1. Шыршаны тек өнеркәсіптік өндірістің электр жылтыратқыштарымен безендіру керек.

 

2. Шырша бұтақтарын әшекейлеуде мақта мен шырақтарды қолданбау керек.

 

3. Үйден кетіп бара жатып, ажыратқыштан шырша гирляндаларының ашасын алып, гирляндалары қосылған шыршаны «тіпті бір минутқа да» қараусыз қалдырмаңыз.

 

4. Үй-жайларда, бөлме ішінде бенгал оттарын жағуға, шартылдақтар мен балауыз шырақтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Есіңізде болсын, ашық от әрқашан қауіпті! Сондықтан отты пайдалану кезінде, атүсті қалай болса солай қарамаңыз!

 

Жаңа жылдық жағдайлардың тағы бір себебі пиротехникамен байланысты. Отшашу, ең керемет және әдемі көрініс. Бұл жерде от пен ауа – бірге түйісіп, «кішкентай ғажайыпқа» қол жеткізесің. Есіңде болсын от тілсіз жау екенін ұмытпау керек, сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

 

1. Пиротехникалық бұйымдарды қалтада ұстауға болмайды.

 

2. Жаңа жылдық іс-шараларды әсіресе, білім беру орындарында өткізу кезінде пиротехникалық бұйымдарды әкелуге және пайдалануға болмайды.

 

3. Пиротехникалық бұйымдарды бөлшектеуге және оларды механикалық өңдеуге болмайды.

 

4. Пиротехникалық бұйымдарды жылыту құралдарынан алыста орналастырыңыз және пиротехникалық бұйымдарды ылғалдан сақтаңыз, себебі бұл олардың жұмысына әсер етуі мүмкін.

5. Пиротехниканы ата-аналардың қатысуымен ғана қолдануға болады.

 

Біздің мерекелерді ұйымдастырудағы жауапты көзқарасымыз – балалардың мерекелерден жарқын да жағымды нәрселерді күтіп алуына мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жұртшылықпен байланыс тобы

 

Фото: 365info.kz

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему