Өткенге оралу
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өткенге оралу

14 Ноября 2016 (11:28) | 1893 | Автор: Нурганым Имашева

 

КӨНЕ ФОРТ-АЛЕКСАНДРОВСКІНІҢ ТАРИХЫНАН БІР ҮЗІК СЫР немесе БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ФОРТ-ШЕВЧЕНКОДАҒЫ ІЗДЕРІ

 

Халықаралық қоғамдастықта «Австрия стеласы» туристік нысанын насихаттау этнотуристік жобасының І-кезеңі аяқталды. Аталмыш жобаны Маңғыстау облыстық туризм басқармасы түркі мәдениетінің «Түріксой» Халықаралық ұйымының және Астаналық туризм ассоциациясының қолдауымен жүзеге асырды. Жобаны орындаушы өлке тарихы тақырыбына талай жылдар бойына талмай қалам тартып келе жатқан Наталья Задерецкаяның Жазушы цехы және «Этнотур» компаниясы болды.

 

Маңғыстау тарихын зерттеуден ешбір жалықпайтын қарымды қаламгер Наталья Задерецкая үшін киелі өлкенің өткеніне қатысты небір деректерді іздестіріп тауып, оны қалың бұқараға жеткізуден артық ештеңе жоқ шығар, сірә?! Наталья Юрийқызының айтуынша, осыдан 8 жыл бұрын Владимир Петрович Ларичкин есімді Ақтау қаласының тұрғыны өзінің 1996 жылы Форт-Шевченко қаласында австриялық әскери тұтқындардың зиратында орнатылған австрия стеласының қалпына келтіру жұмыстарына қатысқаны жайлы ақпаратпен бөліскен.

 

Ол жылдар қайта құрудың қиын жылдары болатын. Сол кезде Тәуелсіздігін жариялаған егемен қазақ елі Кеңес дәуірінің құрсауынан құтылған өзге мемлекеттердің қатарында экономикалық қиыншылықтарды басынан кешірген кезең еді. Менің досым әрі әріптесім, МАЭК кәсіпорынының жөндеу-құрылыс цехының бастығы Александр Иванович Медянцев, (бүгінде Ресейдің Самара қаласына қоныс аударған) тарихи нысанды қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, қаражат табу мүмкінідігін ұсынды.

Медянцев өзнің «SchwarzeKreuz» әскери-өлкетану қоғамдастығымен хат алмасып, бұл қоғамдық ұйымның әлемнің әртүрлі қалалары мен мемлекеттерінде жерленген австриялықтардың зираттарындағы ескерткіштерді қалпына келтіру ісімен шұғылданатынын жеткзді.

Ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылған үшінші азаматтың аты - Анатолий болатын, арада біраз жыл өтуі себепті ол азаматтың тегін есіне түсіре алмадым, - деді Владимир Ларичкин

 

 

Реставратор сол кезде, яғни осыдан 20 жыл бұрын, сөз болып отырған ескерткіштің қандай күйде болғаны жайлы айтып берген еді. «Стеланы түгелдей мүк басқан, тұғырының жартысы қираған, тастары айналасында шашылып жатырды. Жетібайдағы карьерден тас әкелінетін боп шешілді. Сөйтіп үшеуіміз боп іске кірісіп, стеланы мүктен тазартып, ескерткіш табанындағы тұғырды жөндедік», - деді.

 

Неміс тілінде жазылған құлпытастары бар ескерткіштерге ерекше көңіл бөлген қалпына келтіруші шеберлердің арасынан Александр Иванович бауырластар зиратында жерленгендер туралы ақпаратты Форт-Шевченко және Ақтау қалаларының мұрағаттарынан ерекше талпыныспен, құлшыныспен іздестіре бастағанын еске алды. Алайда шаң басқан мұрағаттардан оның не тапқаны белгісіз. Өзінің әріптесі Анатолий екеуінің белгісіз бейіттердегі маусымнан қараша айына дейін алты ай бойына жалғасқан құрылыс жұмыстарын аяқтаулары тиіс еді.

 

Бұдан әрі Наталья Задерецкая тарихи оқиғалардың тізбегін жаңғыртып, сол кездердегі түбекте орын алған ахуалды зерттеу мақсатымен жергілікті тұрғындарды сөзге тартқанын айтты. Кезінде Форт-Шевченко қаласының 1-ші хатшысы болған Киікбай Рзаханов биылғы жылы 100 жылдығы аталып өтілген, Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко атындағы мұражай кешенінің директоры болған Есбол Өмірбаевтың өзіне шерткен тарихи сырларымен бөлісті: «Есбол Өмірбаевқа сол кезде жерлестері 1840-шы жылдары Новопетровск бекінісінің маңында негізі қаланған жауынгерлер зиратында жерленген австриялық әскери тұтқындардың болғаны жайлы ақпаратты айтқан екен.

 

 

1909 жылы қателесіп, Форт-Александровскіге жеткізілген радиостанция орнатушы мамандардың болмауы себебінен ұзақ жылдар бойына қозғаусыз тұрып, жарамсыз болудың аз-ақ алдында тұрады. Сол кезде тағы да орын алған кейбір тарихи оқиғалардың бір-біріне себеп болуына байланысты интеллектуалды әрі тегін жұмыс күші - сол әскери тұтқындар аталған радиостанцияның орнатылып, монтаждалуына және байланыс цехының жұмысының реттелуіне қатастырылған екен.

 

Арада біраз жыл уақыт сырғып өткенде бұл радиостанцияның Қазақстан мен Орта Азиядағы орнатылған ең алғашқы радиостанция екені анықталған». Форттағы Байланыс үйінің маңдайшасында «1912 жыл» деген дата ойылып жазылыпты. Осы дата Байланыс үйі ғимаратының ресми пайдалануға берілген кезеңін анықтаса керек. Алайда нысанның абаттандырылуы мен іске қосылуы сәл кейінірек, Қазақстан мен Орта Азия елді мекендерін игеру мақсатымен осында жіберілген 1-ші Дүние жүзілік соғыста тұтқынға түскен әскери тұтқындар қатарында болған инженерлер мен құрылысшылардың көмегімен жүзеге асты».

 

«Австриялық әскери тұтқындар Форттағы орыс-қазақ училищесінің құрылысын салуға да қатыстырылған. Бүгінде ол жерде «Дарын» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан, - дейді Түпқараған тумасы, Түпқараған ауданының мәслихат хатшысы АйкүмісДосанова. Ол аталмыш училищенің іргесі 1909 жылы қаланғанын, алайда одан кейін ұзақ жылдар бойына абаттандырылып, пайдалануға берілгені туралы әңгімеледі.

 

Т.Шевченко атындағы мұражай кешені мұрағатының ақпаратына сай, жергілікті аудандық білім бөлімі 1914 жылы Мәскеуге училище ғимаратын көркейтуге арналған құрылыс материалдарын алуға тапсырыс берген екен. Алайда сол кездегі орталық бұл қажеттілік үшін жұмсалатын қаржының көлемі көрсетілген құжатты жолдағанмен, ондай көлемдегі қыруар қаржыны табу жергілікті аудандық білім бөлімі үшін қиынның-қиынына айналған. Сондықтан экономикалық жағынан тиімді болған шығар, осы ғимараттың құрылысына да аталған әскери тұтқындардың күші пайдаланылыпты. Олар осы училище ғимаратындағы кафельді төсеген екен.

 

Баутиндік өлкетанушы Григорий Подгоричанидің жинақтаған құжаттарында, шынымен де, австриялық әскери тұтқындар Форттағы байланыс цехының құрылысын жүргізіп және Қазақстандағы ең алғашқы болып саналатын радиостанцияның монтаждалуы жұмыстарына қатыстырылғаны жөніндегі ақпарат сақталыпты.

 

Ата-бабасының Форт-Шевченкода туылған үшінші ұрпағы болып келетін, Түпқараған ауданының татар диаспорасының белсенді өкілі Камиль Абдрахманов мынадай құнды ақпаратпен бөлісті: «Баутино мен Форт-Шевченко арасында австриялық әскери тұтқындармен қайрақ тастардан аса шеберлікпен өрілген тас жол салынған.

 

 

1970-ші жылдары бұл жолдарға асфальт төселген, алайда Аташ кентінде осы қайрақ тастардың сақталып қалған жерлері көзге ілінеді. Австрия елінен әкелінген әскери тұтқындардың бауырластар зираты туралы мен бала кезімнен көп естігенмін. Ауыл балаларымен бірге топтасып, бізге түсініксіз тілде жазылған үлкен құлпытасты көру үшін бейіт басына баратынбыз», - деп өткенді есіне алды ол.

 

Өзің өмір сүріп жатқан өлкені шын сүю үшін, оның тарихын терең білу ләзім. Маңғыстау облысының туризм басқармасы өңірдегі тарихи ескерткіштерді туристік нысандар ретінде насихаттау мақсатында қыруар шаруаларды жүзеге асырып, белсенділік танытуда. Осы мақсатта жақында аталып өткен Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерейтойы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Ассамблеясының мейрамы – Алғыс айту күнінің 2016 жылы ел күнтізбесіне енгізілгеніне орай Қазақстандағы Австрия елінің Елшілігі Маңғыстауға шақырылды.

 

 Мерейтойды тойлау уақыты Австрия елшілігінің жаңа басшысы Герхард Сайллердің инаугурация рәсімімен тұспа-тұс келді де, ол Астана қаласында жалғасын табатын этножобаның шарасына қатысуға уәде етті. Форт-Шевченко қаласында өткен мерейтойлық салтанатты шараларға Австрия елшілігінің 2-ші хатшысы, Австрия елінің Қазақстандағы Елшілігінің елшісі Зиглинда Шпанланг белсене қатысты.

 

Мерейтойлық шараларға қатысушылар арасында Австриядан келген құрметті мейманның ағынан жарыла сөйлеген сөзі зор тебіреніспен қабылданды.

 

- Қазақстандық қаланың көркеюіне австриялық әскери тұтқындардың өз үлестерін қосқандары туралы естіп, жергілікті тұрғындарға Австрия халқының бауырластар зиратын құнды тарихи жәдігер ретінде әлі күнге дейін қастерлеп, сақтағандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді, -деп өзін аяқтаған Зиглиндаға залда отырған ақсақалдар қауымы ризашылықпен қол соқты.

 

Құрметті қонаққа қазақтың кең дастарқанында ұлттық тағамдар: қазақша ет, ыстық бауырсақ, дәмді шұбат пен қымыз ұсынылып, қонақжайлық танытылды. Түпқарағанның майталман өнер шеберлері өз өнерлерін арнап, меймандардың көңілін көтерді.

 

Австрияның Қазақстандағы елшісіне этнографиялық мұражайдың залдарын аралатып көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен таныстырып, Форт-Шевченконың байырғы тұрғындары ұсынған ақпаратқа сай, еденіндегі кафель тастарын австриялық әскери тұтқындар қалаған «Дарын» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі көрсетілді.

 

Австриядан келген мейман Джордж Кеннанның «ХХ ғасырда орын алған оқиғалардың баршасы – 1-ші Дүниежүзілік соғыстың салдары» деген сөздерін естіген болуы керек. Алайда, Түпқараған жеріндегі 1-ші Дүниежүзілік соғыстың әскери тұтқындары болған австриялықтардың іздерін бірден тани алмады. Бауырластар зиратында болып, жерлестерінің бейіті басына гүл шоқтарын қойған сәтте Зиглинданың күдігі сейілді деуге болады. Жергілікті тұрғындар, атап айтқанда, Киікбай Рзаханов пен АйкүмісДосанованың, айтуынша Түпқарағандағы бауырластар зиратында 130 даған әскери тұтқын өзінің мәңгілік мекенін тапқан.

 

Мерейтойдың құрметті қонағы, түркі мәдениетінің «Түріксой» Халықаралық ұйымындағы Әзірбайжан елінің өкілі, Анкарадан келгенЕльчин Гафарлының арқасында жауынгерлік христиан/ зиратынан Леопольд 2 кресті бейнесіндегі герб салынған австриялық геральдикасы бар тағы бір бейіт табылды. Бұл туралы келесі мақаладан оқи аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему