Маңғыстау облыстық соты  судья Шаншарбек Орынбайұлын  салтанатты түрде отставкаға шығарып салды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 19:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты судья Шаншарбек Орынбайұлын салтанатты түрде отставкаға шығарып салды

15 Января 2020 (10:25) | 2144 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында судья Шаншарбек Есбағанбетовтың отставкаға шығуына (орнынан түсуіне байланысты)  арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

 

-Ш.Есбағанбетов   сот жүйесінде үздіксіз 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол 1994 жылы Маңғыстау облыстық сотына судья болып тағайындалып, өзінің кәсібилігін көрсете білді.

 

Сондай-ақ, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында, экономикалық сотта төрағалық еткен он бес жыл ішінде  әр ауданның, ауылдың мәселесімен жете танысып, істерді өте сапалы қарай білді. Экономикалық істерді қарауда заңдарды тиімді қолдануымен, істерді нақты әрі тиянақты қарауымен ерекшеленді, - деп атап өттіМаңғыстау облыстық сотының төрағасы Е.Даулиев.

 

 

Ш.Есбағанбетов сот төрелігін жүзеге асыруға ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткені үшін 2009 жылы Маңғыстау облысы бойынша  «Үздік судья» атағына ие болып, бірнеше мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары  Ш.Орынбайұлын абыройлы отставкаға шығуымен құттықтап, көңіл толқытар ізгі тілектерін арнады.

 

 

Ш.Есбағанбетовты әріптестері білікті, жауапкершілігі мол қазы, салмақты әрі сабырлы азамат ретінде үлгі тұтатындықтарын жеткізді.   

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы А.Тленов Ш.Есбағанбетовтың  ерекше сабырлы адам екендігін атап көрсете отырып,  сот жүйесіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтып, ұзақ ғұмыр тіледі.

 

Өз кезегінде Ш.Орынбайұлы барлық сот ұжымына деген  өз ризашылығын білдіріп, қызығы мен шыжығы мол сот жүйесінде жауапкершілікпен еңбек етіп, абыройлы  демалысқа шығуды тіледі. 

 

 

Сондай-ақ, іс-шара барысында Е.Даулиев Елбасының Жарлығымен   Қарақия аудандық сотының төрағасы  лауазымынан босатыла отырып, Ақтау қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Б.Шайдуллинді  таныстырды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему